Наурыз мерекесі қарсаңында қостанайлық қолөнер шеберлері тың туындыларын көрермен назарына ұсынды. Қолөнерді серік еткен қос таланттың көркем туындылары көпшілік көңілінен шықты. Суретшілер ұлы тұлғалардың портретін және өзге де суреттерді аппликация технологиясы бойынша бейнелеген. Панно аппликация стилінде сурет салатын шеберлер 10 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді. Аңқауовтардың алдынан жүздеген бала тәлім алып, қой жүнінен картина жасауды үйренді. Бүгінгі көрмеге талапты шәкірттер мен талантты суретшілердің анасы Балдырған Қабдолқызының кілем композициялары да қойылды.Арлан АҢҚАУОВ, СУРЕТШІ-ДИЗАЙНЕР: Көрмеде қойылған жұмыстары әртүрлі жылдары жиналған балалардың суреттері. Өзімнің авторлық суреттерім бар.Тарихи тұлғалар Абай атамыз, Ахмет Байтұрсыновтың бейнесі. Және де әртүрлі. Біздің кең даланы көрсетіп жатырмыз.