Қоянды ауылында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылын еріген қар суы басты. Ауа райының күрт жылынуы тұрғындарды әбігерге түсірді. Қазір елдімекенде төтеншеліктер тәулік бойы жұмыс істеуде. Баспанасын қарғын су басқан тұрғындарға көмек көрсетілуде. Динара ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Көшеде резеңке етіксіз жүру мүмкін емес. Қыстай жауған қар дер кезінде шығарылмағандықтан, ауыл іші айдын көлге айналған. Мұнда адам түгілі көліктің өзі әзер жүр. Ақмола облысына қарасты Қоянды ауылында 5 мыңнан аса тұрғын үй бар. Қазір 108 көшенің біразын су басқан. Тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Қарали ҚАСЛЕН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Су басқанына үш күн болды. Қашанның ішіне кірді міне. Мына ағайындар кеше таңертең келген, содан бері су сорғызып жұмыс істеп жатыр. Сонда да күш бермей жатыр. Су ауланың ішіне толып жатыр. Мына арғы жағын сорғызып жатыр, жаңа айттым мына жағын да сорғызыңдар деп. Қояндыда қарғын су басқан көшелер тазартылып жатыр. Қауіп құшағында отырғандар бар. Ауыл әкімінің айтуынша бұған дейін елдімекендегі 5 үйдің ішіне су кіріп, қазір жағдай толық бақылауға алынған. Сұлтанбай БАҚЫТХАН, ҚОЯНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауа райының күрт жылуына байланысты. Біз жоспарлап арықтарды тазалау, бюджетімізге қарай қарды шығару ауылдан ол жұмыстарды жасадық. Негізгі судың өтінде тұрған көшелердің барлығын қардан тазаладық, алып шықтық. Нақты мына үлерді алып кетеді деп есебін айта алмаймын. Бірақ мүмкін. Қазір Қоянды ауылында 92 адам жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық қызметшілермен бірге Қарағанды облысынан келген әскерилер, Ақмола облысы мен елордалық төтеншеліктер ауылды қар мен судан тазарту жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Сәбит КЕНЖЕБЕК, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Кешеден бастап Қоянды ауылында 78 мың куб су сорылды. Осында 21 техника жұмыс жасауда. 33 мотопомпа, 21 техниканың ішінде 9-ы су сорғыш техника. Ауылда еріген қар суынан тазарту жұмыстары бір аптаға дейін жалғаспақ. Төтеншеліктер мен ауыл әкімі соңғы үйдің ауласы қалғанша жұмыс жүре береді деп сендірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елдос Сметов араға тоғыз жыл салып, Астана татамиінде жүлде алды
Бишімбаев пен Байжановтың тағдырын шешетін үш сұрақ белгілі болды
Азаматтық авиация академиясының қыздар экипажы алғашқы рейсін жасады
Павлодар облысының тұрғынынан аса ірі көлемде "синтетика" тәркіленді
Алишер Каримов & Назгүл Бердіқожа: «Халтурщик» деген кім?/Су тасқыны туралы (Keipker #2)
Елдос Сметов араға ұзақ уақыт салып, Grand Slam турнирінің қола медалін жеңіп алды
Алматыда Армения-Әзербайжан келіссөздері басталды
Павлодар облысының тұрғынынан аса ірі көлемде "синтетика" тәркіленді
Мемлекет басшысы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Тарихи алтын: Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды
Сербия Қазақстанға 1 миллион еуро бөлді
Олимпиадаға Армия орталық спорт клубынан 9 спортшы барады
Ақтөбеде жасөспірімдердің қатысуымен 19 қылмыс жасалған
Дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады
Семейде жол апатынан 7 адам зардап шекті
Шымкентте шала туған нәрестенің денесін аурухана алдына тастап кеткен
Елдос Сметов - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері!
Ресейде жолаушылар мінген автобус өзенге құлады
Президент "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды
Астана полициясы ата-аналарды сақ болуға шақырды
Президент "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды
Мақат ауданында 560 орындық эвакопункт дайындалды
Мемлекет басшысы «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды
Республика бойынша орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізіліп жатыр