«Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз!», - депутат

Тұрғындар алаяқтық фактісі бойынша арыз жазса да іс қозғалмаған. Халықтың пайдасына шешілген сот шешімі орындалмаған. Осындай да біздің заңдар қарапайым халықтың мүддесін қорғауға келгенде неге қауқарсыз бола қалады? Осылай деп Мәжіліс депутаты Ринат Заитов ІІМ және Антикорға сауал жолдады.«Ал жауапты органдар кінәні бір-бірінен іздеп, әдеттерінше ақсерек – көксерек ойнап отыр. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлейтін, Көзі қисық болса да, көкесі барлар көсем болатын әдеттен қашан арыламыз!», - деді депутат. Депутат үлескерлердің әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді. Жүгенсіз заңсыздықтар мен мыңдаған халықтың естілмей, естілсе де ескерілмей жатқан мұңы бар бұл жағдайды бір жақты қылмаса, іс насырға шабуы әбден мүмкін дейді. «Мәселенің мән-жайын анықтамақ оймен бір емес бірнеше әрекет жасап көрдік. Халықты ойлап жатқан бірде-бір құзыретті орган көрмедік. Олар халықты ойлауға емес, халықпен ойнауға машыққандай көрінді өз басыма. Ағымдағы жылдың 20-шы наурызында Парламент қабырғасында өткізген дөңгелек үстел де осы сөзімді растады. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша депутаттық сауал жолдаған әріптестерім депутаттар Д. Тұрлыханов пен Д. Мұқаев қа берген жауабында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Скляр мырза «Үкіметтің бақылауында» - деген сүйікті сұйық жауабынан аса алмады. Қашқақтап қағаз шығындай бергенше іске көшіңіздер мырзалар!», - деді Р.Заитов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Торға түскен торғай болдым“. Әнші Ляззат Байырбекова не үшін ажырасып кеткенін айтты
АҚШ-та H5N1 құс тұмауынан адам өлімі тіркелді
Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді