"Қозы көрпеш-Баян сұлу" және "Абай жастары" тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады

Тұрғын үй бағдарламасы Абай облысының Аягөз ауданында іске қосылады. Бұл аудандық әкімдік пен Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлескен жобасы. Бастапқы кезеңде жергілікті әкімдік өз бюджетінен 81 млн теңге көлемінде қаражатын бөледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бағдарлама шарттарына сай 35 жасқа дейінгі қатысушыларылар жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%-дан бастап) мөлшерлемесі бойынша қолжетімді заемдарға үміткер бола алады. Бұл ретте алғашқы жарна 10% құрайды. Несиенің ең жоғары сомасы – 9 млн теңге. Тұрғын үйді алғашқы нарықтан сатып алуға болады.Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, әлеуметтік сала қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұған қоса, Семей қаласының әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп "Абай жастары" жастар бағдарламасының екінші кезеңін де іске қосады. Оны қаржыландыруға 300 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 200 млн теңгесі Семей қалалық әкімдігінен келіп түсті және 100 млн теңгені Отбасы банкі бөліп отыр. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі әкімдік кезегінде тұрған мәдениет пен спорт, денсаулық сақтау салаларының жас қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатыса алады. "Абай жастары" бағдарламасы бойынша заем беру шарттары мынадай: алғашқы жарна - 10%; сыйақы мөлшерлемесі - 6% (ЖТСМ 6,2%-дан бастап); қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңгеге дейін. Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді Семейдің алғашқы немесе екінші нарығындағы тұрғын үйлерден сатып ала алады. Екі бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың басында басталады. Абай облысының тұрғындарына құжаттарды қабылдау күні мен уақыты туралы қосымша хабарланады. Жалпы биылғы жылы "Абай жастары" бағдарламасы бойынша қоныс тойын өңірдің 40-қа жуық тұрғыны атап өтті. Жыл басынан бері Абай облысында Отбасы банкінің 8 425 клиенті жаңа депозиттер ашты. Өңірдің тағы 1 698 тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында өз тұрғын үйлеріне қол жеткізді. ""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банкінің жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады