ҚР Бас прокуратурасы Түркістан облысындағы қыз баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қыз баланы өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында. Құзырлы ведомство 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірім қыздың мәйіті табылғанын еске салады. Сол күні полиция қызметкерлерімен осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғыны Г. ұсталып, УҰИ-на қамауға алынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталу үстінде. "Күдікті Г-ның 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені анықталды. 2023 жылдың мамырында Г. алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжал кезінде ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған". ҚР Бас прокуратурасы Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді. "Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды". ҚР Бас прокуратурасы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді