ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Хромтау ауданының еңбек ұжымдарымен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтарды әлеуметтік қолдаудың жаңа шаралары туралы айтты. Светлана Жақыпова Ақтөбе облысына барып, Хромтау кеншілерімен кездесті. Министр кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізуді көздейтін заңнамаға әзірленген түзетулерді түсіндірді. Хромтау тұрғындарының дені өндірістік мекемелерде жұмыс істейді. Өңірде бірнеше кәсіпорын бар. Сондықтан жиынға келген кеншілердің көпшілігін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жандардың 55 жастан бастап зейнеткерлікке шығуы және оған төленетін төлемдердің мәселесі қызықтырды. Марат ҚУАНЫШБАЕВ, ДӨҢ ТАУ- КЕҢ БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ПЕРСОНАЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі кездесу біздің шахтерларға өте қажет. Өйткені 55 жастан пенсияға құжаттары келіп, ертерек шықса бізге заявление жазады. Өздерінің 2015 жылдан бергі жинағы болса, солараға біз қарастырып, басқа жұмысқа аударамыз ба, жұмыстан шығарамыз ба? Осындай сұрақтар. Бұл заң жобасы қазір Мәжілісте талқыланып жатыр. 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемді алу үшін ең бастысы зиянды жағдайда жұмыс істейтін кеншінің осы өндірісте жеті жыл еңбек өтілі болуы тиіс. Сол жағдайда ғана ол тиісті төлемдерін алып, жеңіл жұмысқа ауысуға да мүмкіндік алады. Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ: Заң жобасымен төрт көзден төленетін төлемдерді кәсіби төлемдер деп айтамыз. Ол бірінші республикалық бюджеттен, екіншіден жұмыс берушілердің есебінен, үшінші сақтандыру компаниялары есебінен және төртіншісі біріңғай зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы мөлшерінен төленетін төлемдер. Бұл төлем мөлшері әр бір жұмысшының еңбекақысына, жиналған зейнетақысының көлеміне басқа жағдайларға қарай әр түрлі болмақ. Жиын соңында министр азаматтарды қабылдау жүргізіп, жеке сауалдарына жауап берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 15 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жолдар жабылды
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Ауғанстанда шахта опырылып, 35 жұмысшы үйінді астында қалды
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Этика нормаларын бұзған прокурор орынбасары жұмыстан босатылды
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды