ҚР ПІБ Медорталығының Шымкенттегі күндері мәреге жетті

Осы аптада ҚР ПІБ Медорталығының күндері аясында елордадағы аурухана мен Орталық клиникалық ауруханасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Жоғары технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандарынан, сондай-ақ «Қарлығаш» балабақшалар желісінің педагогтарынан жасақталған делегация Шымкент қаласына барды. Медициналық орталықтың өңірлердегі күндерін өткізудегі басты мақсат – дәрігерлер мен педагогтардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, медициналық туризмді дамыту. Үш күн ішінде Медорталық ауруханаларының дәрігерлері 160-қа жуық тегін консультациялық көмек берді. Қала тұрғындарын жоғары білікті аритмолог, генетик, онколог және онкохирург, гастроэнтеролог, пульмонолог, нейрохирург және кардиохирург мамандар қабылдады. Олар күрделілігі әртүрлі 17 операция жасады. Шымкент сапарының бағдарламасына дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары да қамтылған болатын. Соның аясында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының делегациясы №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерімен кездесу өткізді. ҚР ПІБ Медорталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесуде елордалық педагогтар оқыту әдістері мен балалардың денсаулығын сақтауға және жақсартуға қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, «Білім беру сапасын бағалауда ECERS-3 шкаласын қолдану» тақырыбында семинар-тренинг, «Инновациялар саласындағы инновациялар» тақырыбында шеберлік сбағын өткізді. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері мен орынбасарларына эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігі бойынша, ауруханада инфекцияның алдын алу және бақылау жайында тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шараның соңғы күнінде ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Шымкент қаласының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Santo фармацевтикалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бала асырап алу оңай ма – 11 баланы асырап алған ана өз тәжірибесін айтты
Үкімет: Петропавлда балабақша салуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Футбол клубтарын қаржыландыру 2,2 млрд теңгеге қысқарды
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды