Тегеранда Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі. Атап өтетін жайт, ҚР Премьер-Министрінің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.