ҚР Президенті 5,2 млрд теңгеге салынған мектепке барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жылы ашылған Prometheus school мектебіне барды.Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Prometheus school білім беру ұйымын аралап көрді.Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды. Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған. Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысына Enlightenment Power Group қоры жүзеге асырып жатқан жобалар туралы мәлімет берілді. Қор директоры әрі мектептің бақылаушылар кеңесінің төрағасы Досым Бесбайдың айтуынша, 1400 оқушыға арналған «ФизТех» мектебін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мектеп түлектердің әлемдегі жетекші техникалық жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік туғызу үшін сапалы білім беруді көздейді. Мектеп құрылысын биыл қараша айында аяқтау жоспарланған. Жобаға тартылған инвестиция көлемі – 3,9 миллиард теңге. Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды.Президенттің сапары биыл 1 маусымда пайдалануға берілген сел тасқынынан қорғайтын бөгетпен танысудан басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді