Жамбыл облысының тұрғындары білікті дәрігерлерден тегін консультация алып, санаторияға, курортқа ем алуға бара алды. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы мен Жамбыл облысы әкімдігі мемарандумға қол қойды. Енді аймақтағы ақ халаттылар соңғы заманауи инновациялық технологияларды меңгерген мықты мамандармен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдайды. Алексей ЦОЙ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қазақстанның барлық өңірлерінде медициналық орталықтың түрлері өткізілетін болады. Негізгі мақсаты барлық қазақстандықтар үшін емделуіне сауықтыру зейнетіне инновациялық технологиялардың трансферті болып табылады. Аталған медициналық орталық ғылыми, санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізумен қатар, денсаулық саласына жаңаша тәсілдерді енгізу жобаларын жүзеге асырады. Бес күннен бері жүрген білікті мамандар аймақтың дәрігерлеріне шеберлік сабақтарын өткізіп, күрделі ота жасап та көрсетті. Тұрғындарға тегін кеңестерін берген дәрігерлерге облыс басшысы алғысын білдірді. Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Дәрігерлер тәжірибесімен бөлісіп, сол дәрігерлерімізді үйрету мәселесі. Сол себептен құрметті Алексей Владимиревич Сіздерге тағыда сіздің мамандарыңызға келген ақ халатты абзал жан дәрігерлерімізге бәріңізге үлкен алғысымызды айтамыз.