ҚР Президентінің Cайлауалды бағдарламасы іс жүзінде: өңірлер мен инфрақұрылымды дамыту

ҚР Президентінің Cайлауалды бағдарламасы іс жүзінде: өңірлер мен инфрақұрылымды дамыту

Қазіргі таңда Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты.Бұл бағыттардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында белгіленген. «Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады, барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді», — делінген бағдарламада. Сонымен қатар бұл құжатта Қазақстан экономикасы көлік дәліздерін кеңейтуді қажет ететіні туралы жазылған. «Бұрыннан бар жаһандық тауар жеткізу жүйесінің бұзылуы біздің болашақ транзиттік мүмкіндігімізді күшейтті. Біз жаңа сапалы жолдар, қоймалар салып, айлақтардың әлеуетін арттыруымыз керек, саланы локомотивтермен, жүк көлігімен, контейнерлермен қамтамасыз етуіміз қажет. Мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттырады. Сол арқылы ел экономикасына мол инвестиция тартуға тың серпін береміз», — деп атап көрсетілген құжатта. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы бойынша бір жылда қандай нәтижелерге қол жеткізілгені туралы Primeminister.kz редакциясының материалынан оқыңыз. ● 2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға жоғары. Несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, «Отбасы банктің» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» тарапынан коммерциялық банктердің ипотекаларын субсидиялау және т.б. сияқты мемлекеттік қолдаудың түрлі тетіктері есебінен жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 200 мың шаршы метрге ұлғаяды деп күтілуде. ● 2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді. ● «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с болатын кең жолақты дүниежүзілік желіге қосу. Жоба аясында көлемді қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған желісін салуға басты назар аударылады. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желілерін монтаждау жоспарланып отыр. Жалпы республика бойынша шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет жүргізілетін болады. Ұлттық жоба аясында республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, 487 антенна-діңгекті құрылысты орнату жоспарланып отыр. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда республиканың 8 мың шақырым күре жолы (30%) мобильді интернет қызметтерімен қамтылған. ● ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оның аясында Еуропадан Орталық Азияға, Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға негізгі трансконтиненталдық дәліздер мен бағыттарды жаңғырту және кеңейту жөніндегі шаралар көзделген. Атап айтқанда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын бірқатар ірі теміржол жобасын іске асыру басталды. Олардың ішінде Қытаймен үшінші халықаралық торапқа шығатын Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз желілері, Дарбаза – Мақтаарал және Алматы айналма жол желісі бар. Барлығы үш жыл ішінде 1,3 шақырымнан астам теміржол салынады. Салыстыратын болсақ, соңғы 30 жылда 2,5 шақырым теміржол салынды. Оған қоса 2030 жылға дейін 11 мың шақырым т/ж жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр, өз кезегінде бұл өткізу қабілетін арттыруға және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. ● Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Германия, Австрия, Мажарстан және Балтық елдерінің жүк операторларының тиісті қауымдастығына кіру жоспарланып отыр. Қазақстан, Әзербайжан және Грузия арасындағы ТХКБ бойынша қызмет көрсету сапасын арттыру үшін тең негізде бірлескен кәсіпорын құру туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау үшін ҚР Үкіметі ҚХР Үкіметімен келісімдерге қол қойды, бұл ТХКБ дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, қосымша транзит және сыртқы сауда жүктерін тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тараптар Қазақстан аумағында, оның ішінде Ақтау портындағы контейнерлік хаб құрылысына инвестиция тарту арқылы кешенді логистикалық желі құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. ● Қазақстандық теңіз порттарының өткізу қабілетін кеңейту бойынша жұмыс жүріп жатыр, ол бүгінде жылына шамамен 21,2 млн тонна жүкті құрайды. Оған қоса «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылысы қолға алынды. 2030 жылға қарай Қазақстан порттарының қуатын 30 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. ● Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 болатын ГӨЗ құрылысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд м3 газ өңдейтін жаңа ГӨЗ құрылысы жобалануда. Бұл ауқымды жобалар ел экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Биылғы 23 қазанда «Бейнеу-Жаңаөзен» құбырының екінші желісі бойынша газ жіберілді, бұл Маңғыстау облысын тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған дейін, 3 тамызда, Атырау облысының қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік беретін «Мақат – Солтүстік Кавказ» газ құбырына қосымша құбыр жүргізілді. Газдандыру жұмыстары жалғасуда. ● Мұнай тасымалдау дәліздерін әртараптандыру жөніндегі жол картасын іске асыру аясында осы жылдан бастап Баку – Тбилиси – Джейхан бағытында жаңа бағдар іске қосылды. «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын кеңейту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Тоқаев Ресейдің Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасымен кездесті
Тоқаев Ресейдің Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрағасымен кездесті
  • Massaget
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
  • Massaget
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
  • baq.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
  • aqshamnews
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
  • aqshamnews
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
  • aqshamnews
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
  • aqshamnews
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
  • aqshamnews
Доллар тағы қымбаттады
Доллар тағы қымбаттады
  • aqshamnews
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
  • aqshamnews
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
  • aqshamnews
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің  кабинет ашылды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
  • aqshamnews
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
  • aqshamnews
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
  • aqshamnews
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
  • aqshamnews
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
  • aqshamnews
Көз жанарының сақшысы
Көз жанарының сақшысы
  • aqshamnews
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
  • aqshamnews
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
  • aqshamnews
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
  • aqshamnews
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
  • aqshamnews
Амилай қамауға алынды
Амилай қамауға алынды
  • aqshamnews
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қаралды?
  • aqshamnews
Қаржаубай неге қамалды?
Қаржаубай неге қамалды?
  • aqshamnews
Рахмоновтың менеджері UFC-дің чемпиондығы үшін айқастың уақыты жайлы айтты
Рахмоновтың менеджері UFC-дің чемпиондығы үшін айқастың уақыты жайлы айтты
  • Vesti
«Астана» - «Челси» кездесуінің  қандай есеппен аяқталатыны айтылды
«Астана» - «Челси» кездесуінің қандай есеппен аяқталатыны айтылды
  • aladop.kz
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
  • turkystan
Қазақстандық жас теннисшілер 2025 жылды Аустралияда бастайды
Қазақстандық жас теннисшілер 2025 жылды Аустралияда бастайды
  • bassport.kz
Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
  • almaty_tv
Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды
Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды
  • qaz365.kz
Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмады?
Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмады?
  • penalty
Желіде Алматы метросындағы жігіттің рельске құлаған сәті бейнеленген видео тарады
Желіде Алматы метросындағы жігіттің рельске құлаған сәті бейнеленген видео тарады
  • qaz365.kz
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ажырасу – жеңіліс емес»: Әсел Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасады
«Ажырасу – жеңіліс емес»: Әсел Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасады
  • sn.kz
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
  • sn.kz
Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
  • almaty_tv
Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды
Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды
  • almaty_tv
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
  • halyq-uni
Қарағандыда лудоман өзгенің 14 млн теңгесін ұрлап, құмар ойынға салып жіберген
Қарағандыда лудоман өзгенің 14 млн теңгесін ұрлап, құмар ойынға салып жіберген
  • almaty_tv