“Креативті дамытуды тек пайда үшін ғана қарастырмауымыз керек”, - А. Балаева

Креативті индустрия ел дамуына оң ықпалын тигізеді. Оның экономикаға қосатын үлесі 2025 жылға дейін 5 процентке жетеді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында осы саланы дамытуды тапсырды. Содан бері министрлік жүйелі жұмыстарды бастап кеткен. Алдағы уақытта 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр - деді министр. Осы арқылы экспортты екі жүз миллион долларға өсіруге ниетті. Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекітті. Оған қатысты қызметтің 43 түрін белгіледі. Нәтижесінде ел бойынша 95 мың адам жұмыспен қамтылып, 32 мың кәсіпкердің жұмысы жанданды. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Сарапшылар және индустрия өкілдерімен бірге авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бірқатар новеллаларды, креативті индустрия өкілдерін қолдау шаралары мен преференцияларды, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қосымша құзыреттер беруді көздейтін креативті индустрия мәселелері жөніндегі заңнаманы өзгерту тәсілдері талқыланып жатыр. Креативті индустрия бойынша білім беру, сәулет және қала құрылысы, ІТ салаларында 5 жоба қаржыландырылды. 70 миллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Саланың пайдасын осыдан-ақ аңғаруға болады. Бірақ министр креативті дамытуды тек пайда көзі ретінде қарастыруға болмайды - дейді. Бұл бағыттың адамға тигізер әсері де көл-көсір. Нақтырақ, азаматтардың әл-ауқатын арттырып, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Мемлекет басшысы осы саланы ауқымды дамыту үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін айтты. Ол өз Жолдауында шығармашылық индустрияны қолдау бойынша жеке шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде әрбір облыс орталығы мен ірі қалада шығармашылық индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелері бойынша көмек көрсету жөнінде нақты міндет қойды. Бұдан бөлек, министр масс-медиа туралы жаңа заң жобасына тоқталды. Негізі бізде 1999 жылы қабылданған «БАҚ туралы» заң бар. Бірақ одан бері ақпараттық сала толығымен өзгерді, заңға ондаған түзету енгізілді. Сөйтіп жаңа заң жобасын әзірлеу мәселесі туындады. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Бұл, ең алдымен, журналистердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін жасалады. Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз және оларды журналистердің игілігі үшін пайдалану қисынды. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия сатысында алынып тасталған ескіру туралы норма мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасына қайта енгізілді. Ескіру мерзімін үш жыл қылу туралы айтылып отыр. «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналардың хабар тарату көлемін 50 проценттен 70 пайызға дейін ұлғайту ұсынылады. 25 жылдың ішінде мемлекеттік тіл мен отандық контентке деген сұраныс артқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 8 наурыз мерекесіне орай қандай іс-шаралар өтеді?
«Декретке миллионмен»: Дәулет Мұқаев өзін айыптағандарға жауап берді (ВИДЕО)
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
«Ұлан» газетіне - 95 жыл
Көненің көзі, әуеннің өзі....
Есірткісіз қоғам: полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесті
«King Milk» зауыты жылына 70 тоннадан астам түйе сүтін өңдейді
Құқық қорғау органдарындағы алматылық ару: қатардағы сарбаздан полковникке дейін 
Еңбекминінде өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
“Ойыннан от шықты“. Қостанайда әзілдеген баланың ата-анасы жазаланады