Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес жеке ұшағын сатылымға шығарды. Ерлі-зайыпты Gulfstream G200 люкс ұшағын 20 миллион еуроға бағалаған, деп жазады sportskeeda.com сайтына сілтеме жасаған Астана телеаранасы. Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес іскерлік және жеке мақсатта пайдаланған ұшақ аргентиналық модельдің Netflix сериалында "Мен Джорджинамын" көрсетілді. Алайда ерлі-зайыпты ұшақты сатып, үлкендеу ұшақ алуға шешім қабылдаған. Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қазір Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта тұрады. Португал футболшысы Аль-Насрға ауысқаннан кейін атақты жұп Таяу Шығысқа көшті.