"Кіріп-шыққан сайын қорқып отырасың". Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары апатты үйде тұрып жатыр

Маңғыстау облысындағы Сайөтес ауылында 10-нан астам отбасы апатты үйлерде тұрып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. Екіқабатты 3 үй кезінде теміржол қызметкерлеріне арналып салынған еді. Кейін жекеменшікке өткен. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Жуырда сараптама жасалып, апатты деп танылды. Апатты жағдайдағы үйлерде 11 отбасы тұрады. Кейбірі мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Көшіп кетуге тұрғындардың шамасы жоқ."Қиын мына жерде тұру. Кіріп-шыққан сайын қорқып отырасың. Балаларымыздың өмірі үшін қорқамыз, әңгіменің шыны керек", - дейді ауыл тұрғыны Текебай Әбішев. "Екі күннің бірінде жаңбыр. Су ағып отыр төбесінен. Ауданда жасайтын мамандар келіп кетті. Онымен нәтиже жоқ", - дейді тағы бір тұрғын Тазагүл Мұқанова. Жауапты мамандардың сөзінше, мәселені шешу үшін комиссия құрылды.Ауыл әкімі алдағы уақытта апатты үйлерден тұрғындар көшірілетінін, әзірге уақытша баспана ұсынып жатқандарын айтты. "Егер біз эвакуациялайтын болсақ, арнайы мектептің акт немесе спорт залдарына немесе белгілі бір орындарға эвакуациялаймыз. Ал тұрғындардың ол орындарға бармайтыны белгілі. Сондықтан біз тұрғындарға әртүрлі ұсыныс айтып жатырмыз. Қазір облыс бюджетінен қаржысы қаралып жатыр. Бір қабатты 4 үй салуға", - дейді ауылдық округ әкімі Сабыржан Әбдиев.  Жаңа үйлердің құрылысы таяу жылдары басталады деп күтіледі. Осы ауылдағы тағы 19 үйдің шатырын жөндеп, сыртын сылауға бюджеттен қаражат сұралған. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/92977/

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды