«Кірпік жалғаймын деп көзімнен айырылып қала жаздадым», - қала тұрғыны

«Ай қабақ, алтын кірпік» жасау - тілегім. Бүгінде қыз-келіншектер арасында кірпік жабыстыру сәнге айналған. Трендтен қалмаудың әлегі әйтеуір. «Көрік беріп тұрады» деп найзадай кірпік жабыстырып, ұсқынсыз күйге түскен көрермен редакциямызға хабарласты. Басынан өткені өзгелерге сабақ болсын дейді.Елордалық Жанель сұлу боламын деп сан соғып қалды. Жарнамасы жер жарған сұлулық салонына жасанды кірпік жасатқан. Алайда көзімнен айырылып қала жаздадым дейді. Жанель, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үйге келіп, көзімнің қызарғанын аңғардым. Күнге көп жүре алмайтынмын, көзімнің жасы ағып, көптеген қиыншылықтар болды. Окулистқа сол дер кезінде хабарластым. Көріп отырғандарыңыздай мына жерде кератит деген ауруға шалдыққанмын. Ал тұрғындардың пікірі әралуан. БЛИЦ-САУАЛНАМА - Жақсы, жасатамыз. Бір жерге барғанда, қонаққа, тойға сонда жасаймыз. - Негізі жаман көзқарасым. Бірақ мен алғаш рет істеткенмін. Бұдан кейін істеткім келмейді. Аллерготестті ештеңе айтқан жоқ, ескертпеді ондай. - Арзанға қарағанда қымбатқа жасатқан жақсы. Качественно сеніп отырасыз. Арзанға жасатсаңыз ертең көзіңізге бірнәрсе болса да, дәлелдей алмайсыз оны. Өйткені олардың сертификаттары болмауы мүмкін, салондары болмайды, көбіне үйінде жасайды. - Қазір қаншама қыздар жабырқап жатыр ғой. Сол кірпіктен қаншама операция болып жатыр. Мен вообще қарсымын. Дәрігерлер де мұндай жағдайдың жиі болатынын айтады. Себебі, тәжірибесі аз маман көп. Көп нәрсені олар ескере бермейді дейді. Жәмила ИСАХАНОВА, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Процедураға жазылмас бұрын, желімге аллергиялық реакция бар-жоғын, яғни теріні желімге тексеріп көру керек. Алдын ала аллерготест өткенді дұрыс. Мұны білікті, тәжірибелі кірпік ұзарту маманы да қостайды. Қазір көп салонда аллергияға қарсы реакция тексерілмейтінін айтады. Себебі, жас мамандар қолын жаттықтыру үшін қыздарға арзан қызмет ұсынады. Томирис БАЛТАБАЕВА, КІРПІК ҰЗАРТУ ШЕБЕРІ: Мен мысалы өзім клиентті екі күн бұрын аллергиясын тексеру үшін клиентті шақырамын, пробныйға. Модель сияқты шақырса клиентті, тек қана мұғаліммен, үйреткен мұғалімімен болу керек. Дәрігерлердің айтуынша, лицензияланбаған материалдың елімізде қолданылуына рұқсат етілген. Алайда қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы керек. Жәмила ИСАХАНОВА, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ДӘРІГЕР, МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Материалдың ішінде өзге елдер қолданысқа шектеу қойған формальдегит канцерогені де бар. Оны шамадан артық қолдану конъюнктивит, кератит сынды ауруларға алып келеді. Мамандар өз ісіне жауапты шеберлерге ғана жүгінуге кеңес береді. Ал кейіпкеріміз Жанель сәтсіз тәжірибеден кейін бұл процедурадан мүлдем бас тартты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көзіне пышақ кірген 3 жасар баланың оқиғасына қатысты тың дерек шықты
Легионерлер Қазақстан чемпионатынан жаппай кетіп жатыр
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау қайта басталды
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды