"Кішкентай қызды құтқару үшін жанын берді": Ақтөбеде алты баланың әкесі суға батып кетті

Ақтөбеде 39 жастағы ер адам суға түсуге рұқсат етілмеген жерде батып кетті. Туысының айтуынша, ол кішкентай қызды құтқарамын деп көз жұмған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 4 маусымда Елек өзенінде болған."4 маусым күні сағат 18:26-да Ақтөбе қаласы Елек өзені, Жаңа көпір ауданында 39 жастағы ер адамның суға түсуге рұқсат етілмеген жерде батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Сүңгуірлер сағат 19:35-те жағадан 15 метр қашықтықта 4,5 метр тереңдіктен ер адамның денесін алып шықты", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.Марқұмның қарындасының KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, ағасы кішкентай қызды құтқарамын деп өзі суға кеткен."Оқиға болған жерде біз болмадық. Ағам қалада, біз Ойыл ауданында тұрамыз. Сол күні ауылдан келген болатын. Ағаммен сағат 15:30 шамасында сөйлестім. Кешкі 19:00 шамасында қаралы хабар алдық. Естуімізше, өзінің баласы кішкентай қыздың суға батып бара жатқанын айтқан. Біз шатаспасақ, сол жерде бір ұл және бір қыз бала суға батып бара жатқан. Ұл баланы әкесінің өзі құтқарып алған болуы керек. Қызды біздің ағамыз құтқарған. Ағам өзі өмірі суға түспейтін адам. Тізеден келетін судан қорқатын. Кішкентай қызды құтқару үшін жанын беріп тұр", – дейді ол.Марқұмның қарындасы ағасының артында алты баласы қалғанын, олардың алды 13-ке толса, кішкентайы тоғыз айлық екенін жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Кимешек киген қандай-ды!
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды