«Кітап- АМАNАТ» жобасы аясында Ақтөбеде кітап орталығы ашылды

Оқырман қоғамын құру. Дәл осы ұранмен елімізде «КІТАП-АМАNАТ» кең ауқымды партиялық жобасы жүзеге асырылуда. Осылайша «АМАNАТ» партиясы халықтың отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды көздеп отыр. Ақтөбе облысында 250-ге жуық кітапхана бар. Ондағы кітап қоры үш миллионға жуық. Кітапханалар қатары тағы бір жаңа орталықпен толықты. «АМАNАТ» партиясының қолдауымен ашылған орталықтан талғамға сай психологиялық туындылардан бастап, түрлі әдеби шығармаларды табуға болады. Орталық отандық баспагерлермен тікелей жұмыс істейді,отандық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттаумен айналысады. Ербол ДАНАҒҰЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Осы біздің мына отандық баспагерлердің отандық ақын-жазушылардың кітаптарын әкеліп осы жерге қойып жатырмыз. Жалпы бес жүзге жуық кітап келді. Оның 300-ге жуығы түрлі тағылымда енді бұл жерде психологияға қатысты, балаларға, қазақ әдебиетіне қатысты және қазіргі таңда осы бизнеске қатысты енді халықтың сұранысына сәйкес көптеген кітаптар келіп жатыр. Дәл осындай орталық Батыс Қазақстан облысында да өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылу салтанатына партия хатшысы Шолпан Каринова қатысты. Шолпан КАРИНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылы Ұлттық Құрылтайда кітап оқу ісі біздің еліміздегі идеологиялық жұмыстың орталығы болуы керек екендігін а йтқан болатын. Сондықтан біздің AMANAT партиясы президентіміздің саяси тірегі ретінде, халықтық партия ретінде халықтың жүрегіне жақын, халықтың ой-тілегін орындайтын осы идеологиялық жобаны іске қосты.Шығыс Қазақстан облысының Перемётное ауылында кітап орталығының ашылуы тұрғындар үшін қуанышты жағдай болды. Мұнда халық өзіне ұнаған кітапты қолжетімді бағада сатып ала алады. Бұл орталық ауылдың мақтанышына айналады дейді жергілікті ақын-жазушылар.Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АҚЫН: Кітап "AMANAT" рухани жағын қалыптастырады. Сондықтан бүкіл ел бойынша біршама тоқырауға, күйреуге бағыттап бара жатқан кітап өндірісті кітап тарату, кітап шығару мәселесіне байланысты саланы көтеру халықтың оқу деңгейіне әсер ету. Қазақ тіліңдегі контентті толтыру, қазақ тіліңдегі кітаптарды қазақ тіліңдегі көркем әдебиетті тарату басты мақсат. Соңғы жылдары көркем әдебиет қана емес, ғылыми оқулықтар да қазақ тіліне аударылып жатыр. Бұл кітаптар сапасы мен мазмұны жағынан көптің көңілінен шыққанымен, таралымы аз. Сондықтан оқырмандарды түгел қамти алмайды. Ал «Кітап-AMANAT» жобасы осы кемшілікті түзетпек. Бұл бастама бір жағынан жазушылар мен баспагерлер қолдап, көпшілікті кітап оқуға ынталандырады, дейді партиялықтар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Араға 10 жыл салып екінші рет қазақ баласы әлем чемпион атанып отыр – Нұрғиса Әділетұлы
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтын медаль алды (ВИДЕО)
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды