Ал алматылық жастар жазушы Бақыт Еженханұлының кітаптарымен танысты. Баспаның тұсаукесер рәсімі «Кітап - АМАNАТ» жобасы аясында ұйымдастырылды. Басқосу оқырмандарға қазақ ақын-жазушыларымен тікелей араласуға мүмкіндік сыйлады. Ұйымдастырушылар мұндай жиындар жастардың кітап оқуға деген ынтасын одан сайын арттырады дейді.Алмас САҚБАЕВ, АҚЫН: Кітапты насихаттаймыз жастарға. Бір-біріне кітап сыйлауды әдет етіңдер деп насихаттаймыз. Қолдарыңа кітап ұстап жүріңдер деп насихаттаймыз. Егер қазақтың кез келген қызының, кез келген жігітінің қолында кітап ұстап кетіп бара жатса, ол адамның саусақтарымен, бүкіл тамыр жүйелерінде кітаптың рухы жүріп жатыр деген сөз. Ал Шымкентте жергілікті кәсіпкер Данияр Беркімбаевтың әлеуметтік өмірге бағытталған «Нар Тәуекел» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Айта кетейік, соңғы уақытта кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шаралар нәтижесін беруде. Ересектерді айтпағанда мектеп оқушыларының талғамы мен таңдауы да артып келеді. Бүгінгі шараға қонақ болған балалар партия тарапынан өздеріне сыйға тартылған кітапты баға жетпес сыйлыққа балады. Нұрай ТҮЙМЕБАЙ, ОҚУШЫ: Мен айына үш-төрт кітап оқығанды жақсы көремін. Және де бүгін бізге кітап сыйлағанына мен өте қуаныштымын. Себебі маған жаңа кітап ол ең күшті және де ең бағалы сыйлық деп санаймын. Өзім достарыма да көптеген кітаптар оқуға кеңес беремін. Жанар БЕКТАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ, ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Біз көптеген мектептермен жұмыс жасаймыз. Осы мектептерде кітап сүйер клубтар бар. Осылардың бәрі келіп, өздерінің пікірлерін білдіріп жатыр. Бізден қаншама кітап сатып алды. Осы кітап күніне орай «КІТАП-AMANAT» жобасының нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Оқырмандардың ізгі тілектері мен ұсыныстарын қабыл алып, алдағы уақытта да бұл жобаны жүзеге асырамыз деген үміттеміз.