Кітапханашылардың жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Бірақ бұл қолдаудан білім ордаларындағы кітапханашылар құр қалған. Бұл мәселе бүгін "AMANAT" фракциясының мүшелері талқыланды. Жалпы елімізде 8 мыңға тарта кітапханашы бар. Олардың өзі еңбек өтіліне қарай 170 мың теңге көлемінде айлық алады. Аманаттықтар сайлауалды бағдарламасына сәйкес бірқатар бастама көтерді. Мәселен, білім ұйымдарындағы кітапханашылардың еңбекақысын орта есептегі жалақыға жеткізу үшін 3 жылға 5 миллиард теңге керек екен. Айтуларынша, бұл бюджет үшін түк емес. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: "Педагог-кітапханашы" немесе "кітапханашы-педагог" деген жаңа мамандықты ашу. Бұны қарастырып жатырмыз деген жауап келді. Жалпы кітапханашылардың айлық жалақысын мектептегі педагогтардың мәртебесіне сәйкес теңестіру мәселесін ұсынып отырмыз. Айлықтың аздығынан бұл мамандықты жастар таңдай бермейді. Болашақта 6000-нан астам маман тапшылығы сезіледі деген болжам бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен кітапханашылардың айлығына жыл сайын 20 процент қосылуда. Ғазиза НҰРҒАЛИЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Әлеуметтік тұрмыс қажеттілігіне орай ол 20 пайыз біздің базалық айлыққа қосылғаннан кейін ол ештеңе болмай қалады. Базалық есеппен төменгі блогтағы маманның айлығына 890 теңге қосылады екен да жаңағы 20 пайыз. Бұл дегеніміз өте аз.