Кітапханшылар жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға көтеріліп келеді

30 жылға тарта уақытын кітапхана ісіне арнаған Бике Нысанбекова жаңадан келген кітапты алдымен өзіміз оқимыз дейді. Сонда ғана оқырманға бағыт беріп, таныстыру жеңілірек . Ол Атыраудағы Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында еңбек етеді. Адам жанының рухани азығы саналатын кітап қорын көбейтіп, күтіп ұстап, насихаттауда, заман талабына сай жаңашылдық әкелуде ізденуден тынбаған кітапханашылар жылдар бойы аз жалақыны қанағат тұтты. Соңғы жылдары еңбек еленіп, кітапханашыларға көзқарас жақсарды дейді,- Бике Нысанбекова.Бике НЫСАНБЕКОВА, КІТАПХАНАШЫ: Жылма-жыл өсіп, қазіргі уақытта жақсы табысымызды тауып отырмыз. Болашақта енді 20-25 проценттен өскенде бірге-бір жалақы жалақы алатындай жағдайға жеткіземіз деген ұсыныстарды естіп жатырмыз. Оған әрине өте қуаныштымыз. Осындай бізге деген жақсы көзқарасты қоғамда өте терең зерттелуі біз үін қуаныш. Себебі кітапхана мамандығы деген ол өте оңай мамандық деп айта алмаймын. Себебі кез-келген жастар бұл мамандыққа келгенде ең әуелі табысын сұрайды. Кітапханшылар жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға көтеріліп, 2025 жылға дейін екі еселенуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтқан еді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  2020 жылдан бастап 620 мыңнан астам педагогтар мен мұғалімдердің, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бірақ бюджеттен қаржыланатын өзге де сала қызметкерлері бұдан тысқары қалды. Бұлар: мәдениет қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалар. Сондықтан 2022-2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. 600 мыңға жуық қызметкер осы бастаманың игілігін көреді. Жалақы көтерілсе, кітапхана қызметіне жастар да бет бұрар еді,- дейді кітапханашы. Бүгінде орталық кітапхана қорында 56 мың кітап бар. Күніне 30-40 адам келеді екен. Әсіресе жаз мезгілінде жас оқырмандар көбейген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді