Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Бүгін сот отырысында Нүкенованы өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевтан жауап алынады. Одан кейін екінші сотталушы Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтан жауап береді. Куәгер Нұрқайдардан жауап алу аяқталған соң сот сотталушы Бишімбаевтан жауап алуға кіріседі. Содан кейін куәгерлерден жауап алу жалғасады, - деді судья Айжан Құлбаева. Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып: 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау). Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып: ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.