Қуаңшылықтан шығынға ұшыраған жамбылдық шаруалардың шығыны өтеледі– Смайылов

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Жамбыл облысында қуаңшылық салдарынан егіс алқаптары қурап қалып, шығынға батқан шаруалардың шығыны өтелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Үкімет басшысы өңір әкімдігі мен қаржы министрлігіне зардап шеккен егістік алқап иелерінің шығынын тез арада ретке келтіруді тапсырды."Біз бүгін Жамбыл облысының шаруаларына шығынды өтеу үшін Үкімет резервінен қаржы бөлу туралы қаулы қабылдаймыз. Қаржы министрлігі мен өңір әкімдігі облыстың зардап шеккен егіншілеріне төлемдердің тез арада жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс", – деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ Смайылов ауа райы тұрақты болып тұрғанда, егін жинау науқанына шұғыл кірісу керектігін айтты. Бұл жұмыстарды тікелей бақылауда ұстайтынын жеткізді. "Өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл еліміздің егіншілері үшін қолайсыз болды. Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл әрине, астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Дегенмен егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ. Сондықтан осы мерзім ішінде барынша үлгеріп қалу керек", — деді Әлихан Смайылов. Бұдан бөлек, министр Көлік министрлігі мен Қазақстан темір жолы компаниясы астық таситын вагондармен уақытылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауы тиіс екенін айтты. "Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету", – деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды