"Құдды түс секілді": Әнші Наркенже Серікбаева марқұм күйеуі туралы әсерлі жазба жариялады

Белігілі әнші Наркенже Серікбаева күйеуінің қазасынан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Әнші Наркенже Серікбаева өзінің қазіргі жай-күйімен бөлісті.“Ассалаумағалейкүм, армысыздар, Қазақ елі! Көптен бері әлеуметтік желіге шықпай кеттім оның бірден-бір себебі: кеше ғана отбасымда қайғылы жағдай болып, менің Құдай қосқан қосағым, тірегім, баламның әкесі мәңгілік сапарға аттанып, қабырғамыз қайысып, басымыздан сынақ өтіп жатқаны бәріңізге белгілі. Қаншама алдымызда арман, мақсаттарымыз бар еді. Қазір енді жалғыз қалып, жапан даланы жалғыз кезген адам іспеттес болып отырмын. Маған оңай болмай жатыр, жалғыздықтың мұңын кешіп, жүрегімнің ауырғаны жаныма батып, кеше ғана жанымда жүрген өмірлік серігім бүгін ортамызда болмағаны өте қатты қажытып жатыр. Әлі сене алар емеспін, құдды бір түс секілді. Иә бұл Алланың ісі, Алланың дегеніне көнеміз. Мұндай жағдайды ешкімнің басына салмасын”, – деп жазды әнші. Өнер иесі өзіне қолдау білдіріп, демеу көрсетіп жатқан оқырманы мен тыңдарманына алғыс білдірді. “Сіздердің қолдауларыңызды естідім, көрдім. Жалған өмірдің жарығы ендігі уақытта жақсылықпен жансын деген ниеттемін. Қазағымның әр шаңырағында қаралы хабар емес қуанышты хабардың үні естілсін. Жекеме жазып, мені қолдап, жанашырлық танытып жатқан барша Қазақ еліне көп рақмет, алғысым шексіз. Алла қаласа әлі ақ еңсемді тіктеп сіздердің орталарыңызға ораламын”, – дейді Наркенже Серікбаева.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәулеткерей Кәпұлы АЛЖИР музейінің директоры болды
Қазақстан мен Ресейдің жоғары мемлекеттік аудит органдары басшылары кездесті
Тарихта тұңғыш қазақ Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі