Күдікті қылғындырып өлтіргенін полицияға өзі хабарлаған: Оралда қонақүйдегі ер адамның өліміне қатысты тың дерек шықты

Оралда қонақүйдегі ер адамның өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасапБасылым мәліметінше, күдікті - 29 жастағы әйел. Ол өзі полицияға хабарласып, марқұмды қылғындырып өлтіргенін айтқан. Оқиға былтыр 16 қарашада болған. Жергілікті полиция бөліміне қаладағы қонақүйлердің бірінен хабар түскен. Полицейлер оқиға орнына келіп 35 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Оралдағы Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта судья Шары Зайнуллинаның төрағалығымен жергілікті қонақүйде кісі өлтіру дерегі бойынша алдын ала тыңдаулар өтті.БҚО прокурорының аға көмекшісі Асқар Мерекенің айыптау актісіне сәйкес, 16 қарашада сотталушы өзінің құрбысымен бірге жергілікті саунада болғаны анықталды. Олар саунада ер адамдарға ақылы интим қызмет көрсеткен.Марқұм інісімен бірге саунаға келген. Тергеу барысында ер адам күдікті мен оның құрбысынан интим қызмет сатып алып, бірге ішімдік ішкенін анықтады. Таңға қарай күдікті әйел ішімдік сатып алып, қонақүйге кеткен. Ол бір тәулікке бөлмені жалға алған. Артынша марқұм ер адам да келген. Осылайша, екеуі қайтадан ішімдік іше бастаған. Марқұм ер адам күдіктіні интимге итермелей бастаған. Айыпталушы берген түсінікке сәйкес, ол ер адамды осы әрекеті үшін жазаламақ болған. Күдікті жуынатын бөлмеден шығып, жарықтың бауын алып, ер адамның мойнынан екі рет орап, қылғындырған. Айыпталушы прокурордың айтқанымен келіспей, "ол жезөкшелікпен айналыспағанын" айтады. "Уральская неделя" мәліметінше, айыпталушы әйел бұған дейін Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша үш жылға сотталған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді