Қуғын – сүргін жылдары Қостанай облысынан 35 мыңға жуық адам жер аударылған. Соның 1614-і ғана ақталды. Зұлмат жылдарды зерттеп жүрген өңір ғалымдары өзге де ашылмаған деректерді анықтап жатыр. Қызыл террордың құрбаны болғандардың бірі – Нұрхан Еленов. Халық жауы деген жаламен ату жазасына кесілген асыл азаматтың артында қалған ұрпағы тың ақпараттар айтты.Стахан Еленов әкесінен 2 жасында, анасынан 5 жасында айырылған. Бір отбасынан жалғыз өзі қалады. Әкесі Нұрхан ұстаздық қызмет атқарып, ұлт зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған жан. 1937-ші жылы Бейімбетті танығаны үшін ұсталып, бір жылдан соң атылыпты. Нұрхан Еленов 1990-шы жылы ақталған. Стахан ЕЛЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мектепке келе жатыр ем сабаққа,алдымнан бір мұғалім шықты. Аға «сіздің әкеңіз ақталыпты , газеттің бетіне шықты» деді.Жүгіріп поштаға барып газетті қарасам, сонда жазылған екен реабилитированный деген соның ішінде менің әкем бар екен. 87 жастағы қарияның ғұмыры – сол зар заман ұрпақтары тағдырының символы сынды. «Халық жауының баласы» деген жалған жала жалғыз тұяққа талай тауқымет тудырды. Оқуға түсе алмады.Қоғамнан орнын таба алмады.Тек тегін өзгерткен соң ғана қиындықтан құтылған. Марғұлан ОСПАНОВ, Ы.АЛТЫНСАРИН МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жетімдіктің кесірін оның үстіне халық жауының баласы деген жалған жаламенен бұл кісі де азап көреді. Сөйтіп тегін өзгертеді. Кейін қалыпты өмір кеше бастайды. Тобыл өңірінде үш жылдан бері арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.Ғалымдар мен тарихшылар тобы қазірдің өзінде әскери тұтқындарға байланысты 5619 адамның алфавиттік тізімін, 35 мыңға жуық жер аударылғандар мен 118 бай-кулатың есімін анықтады. Руслан БАТЫРХАНҰЛЫ, ТАРИХШЫ: Біз 2021 жылы ақталмаған адардың 1200- ге жуық тізімін бердік.Содан кейін 2022 жылы 1240 азаматтың тізімін тағы бердік. Сонда бас-аяғы ақталмаған адамдардың тізімі 2500 болып отыр қазіргі таңда анықталғаны.Ал ақталғандар1614. Ат деген кім? Атқан қайсың? Қаным қайда төгілген? Қабірім қайда көмілген? Бұл кешегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына айналған қаншама қазақ зиялыларының айта алмай кеткен сөзі. Асыра сілтеудің кесірінен «халық жауы» атанғандардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туған-туыстары да қуғынға ұшырады. Кейбір деректерге сүйенсек 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілген. Соның ішінде Қостанай облысынан 4 мың адам саяси қуғын- сүргін құрбанына айналған.