Құжаттандыру терминалы іске қосылды

Енді төлқұжат пен жеке куәлікті алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ. Ақылды терминал арқылы өтініш беріп, аз уақытта құжатты рәсімдеуге жібере аласыз. Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығына пилоттық режимде жаңа жүйе іске қосылды. қандай артықшылықтары барын тілшіміз Сүндет Оралбеков білді.Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Енді жеке куәлік пен паспорт алуға өтінім беру үшін бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығына барсаңыз, осындай аппараттарды көресіз. ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізіп, суретке түсіп, әдемі шыққан суретті таңдап, қол қоясыз. Экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеп, SMS арқылы қалыптастырылған қолхат аласыз. Онан кейін көші-қон қызметінің мамандарына өтінім нөмірін дайындау үшін көрсетесіз. Болды. Қанат ДӘРІБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ыңғайлы екен. Алғашында адамдарға қиын болуы мүмкін. Жалпы ыңғайлы Автоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы биометриялық жүйемен, фотосуретке түсіру функциясымен және арнайы интерфейспен жабдықталған. Нариман ДҮЙСЕКЕЕВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Жеке мәлімметтеріңізді енгізу арқылы құжаттарды алуға болады. Рәсімдеу стандартты мерзімде дайын болады. Одан бөлек мемлекеттік бажды төлеу арқылы жеделдетілген түрде ала аласыз. Бұл технология мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы мен жылдамдығын арттырып, құжаттарды ресімдеу мерзімін едәуір қысқартады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтпақ. Себебі, барлық процесс ашық түрде жүргізіледі. Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІІМ МИНИСТРІ: Мен ойлап отырмын, бұл біздің азаматтардың көңілінен шығатын мәселе. Оны дұрыс түсіндіріп, дұрыс үйретіп, айтса барлығы қолданады. Қуандық ЖАЙЛАШЕВ, "ҚҰЖАТТАУ ТЕРМИНАЛЫ НЫҢ" ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Пилоттық жоба ретінде бұл жерде 4 терминал қойылған. Жылдың аяғына дейін Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының барлық бөлімшелерінде 15-ке жуық терминал болады. Министрлеріміз айтқандай еліміздің барлық жерінде терминалдар қойылады. Құжат дайын болған кезде ұялы телефон нөмеріңізге хабарлама келеді. Хатты алған соң халыққа қызмет көрсету орталығындағы постоматтардан құжатыңызды алып кетсеңіз болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Мұғалімдер ұшақ апатында қаза тапқан оқушы туралы айтты
Қай елдерден және қандай активтер Қазақстанға қайтарылды?
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін