Құжаты 25 жылдан кейін рәсімделген ер адам сотталуы мүмкін

Жамбыл облысы Талас ауданында 25 жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келген ер адамға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Талас аудандық прокуратурасының арызы бойынша ер адамның құжаттары рәсімделген, - деп хабарлайдыТалас аудандық сотының баспасөз қызметі.Талас аудандық сот баспасөз қызметінің өкілдері күдіктіге бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру салдарынан қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдеді, алайда оның туу туралы акт жазбасы мен жеке басын анықтайтын құжаттары болмаған."Тәжікстан Республикасының Әділет Министрлігінің Кубодин ауданы бойынша Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің сұратуға берген жауабынан, Н.-нің туу туралы жазбасы жасалмағаны анықталды. Сотта куәлер Н. олардың туған ағасы екенін растап, ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Қазақстан облысы Шардара ауданы Бірлік ауылында туылғанын және сонда бірге тұрғандарын айтқан. Алайда әкелері қайтыс болған соң, олар аналарымен бірге Тәжікстан Республикасына кетіп қалғанын, ал ағалары Н. құжаттары болмағандықтан, Қазақстанда қалып кеткенін айтқан", - делінген Жамбыл облыстық сотының сайтында.Азаматтың құжаттарды басқа жолмен алуға мүмкіндігі болмаған, себебі ол медициналық ұйымнан тыс жерде туылған және оның туылған дерегі тиісті тәртіппен тіркелмеген, медициналық ұйыммен белгіленген үлгідегі туу туралы анықтама берілмеген. Мұндай жағдайда, сот, сот отырысы барысында анықталған істің нақты мән-жайларын назарға алып, қойылған талапты қанағаттандыру туралы тұжырымға келді."Шешім заңды күшіне енді. Оның негізінде, азаматтың туу туралы акт жазбасы жазылып, оған туу туралы куәлігі мен жеке куәлігі берілген", - делінген хабарламада.Жамбыл облыстық сот баспасөз қызметінің өкілі Айнаш Махамбетованың айтуынша, ер адам Қазақстан азаматы, біздің елде дүниеге келген, алайда құжаттарын рәсімдемеген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, яғни ұрлық жасау фактісі айып тағылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты: 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар туралы не белгілі
Эрлан Батырбеков: 2024 еліміздің атом энергетикасы үшін өте маңызды жыл болды
Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы отбасын құрды
Иван Дычконың жекпе-жегі кейінге шегерілді
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда 18 жаңа білім беру нысаны салынды
Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған – Euronews
Алматы-Өскемен тас жолында желден жүк көлігі аударылып қалды
Ақтау әуежайы апатқа ұшыраған ұшақты қабылдауға дайын болды – Көлік министрі
Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы жұмысының қорытындылары
Сот вайнер Шерниязовтың өтініші бойынша шешім шығарды
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Медиасауатты дамыту, Euronews кеңсесі: ақпарат саласы бойынша биылғы жылдың маңызды оқиғалары
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды