"Құжатымның деректерін айтқасын алаяқтарға сеніп қалдым",- тұрғын

Енді жеке құжаттың көшірмесін сұраса бермеңіз. Оған толық құқығыңыз бар. Сенат «Ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер туралы» заңды мақұлдады. Енді Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Жеке басты куәландыратын құжатты біреуге бермек түгілі көшірмесін де жасамаңыз. Алаяқтың қолына түссе сазға отырғызады. Жеке сәйкестендіру нөмерін білсе болғаны білгенін істейді.Кепілге құжат тастайтындар аз емес. Белгіленген мерзімде алмайтындары да жетерлік. Жаңасын жасатып ала саламын деген оймен. Өйткені бағасы қолжетімді. Жандос ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР: Заң талаптары бойынша кепілге жеке куәлікті тастауға немес алуға мүлдем болмайды. Алаяқтардың қолына түскен жағдайда ол азаматтар барып микрокредиттан кредит алуы мүмкін. Барып мысалы, велосипедті жалға алуы мүмкін. Жаңағы жалға беруші тарап полицияға жүгінген жағдайда ол азаматты мүлде таба алмауы мүмкін. Сол себепті жеке куәлікті кепілге тастауға болмайды. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Алаяқтар қалай ойындағын іске асырады деген ойда отырған шығарсызсыз. Түр әлпетің ұқсаса жеткілікті. Кез келген бейнетексірістен өтеді. Тіпті несие рәсімдеп алуы мүмкін. Ал бет әлпеті ұқсамайтындар жеке сәйкестендіру нөмері арқылы бар ақпаратқа қанығып, туған туыстарыңыздан ақша сұрауы мүмкін. Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ, IT САРАПШЫСЫ: Оның жақындарына, туыстарына жалған хабарламалар жіберіп, соған мүмкіндік тууы мүмкін. Себебі, туған күні, тұратын жері барлығы оның қолында бар. Сіздің деректеріңізді пайдаланып, фотосын өзгертуі мүмкін. Сөйтіп сіздің атыңыздан, сіздің құжатыңызбен шетел асуы мүмкін. Петропавл қаласының тұрғынының төлқұжаты бәзбіреулердің қолына түскен. Өзіне қоңырау шалып, қосымшалар аштырған, несие рәсімдеген. Алданғанын өзінің есеп шотынан ақша шешілген кезде бір-ақ білген. ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Маған қоңырау шалып, банк қосымшасы арқылы менің атымнан несие рәсімдеп жатыр деді. Олар ескі құжаттағы деректерді айтқасын сендім. Тоқтату үшін не істеймін дегенде, қауіпсіздік қызметкерлеріне қосамын деді. Осылай 1 жарым сағат сөйлестік. Маған бір қосымшаны жүктетті. Банк карточкасына ақшалар түсіп жатқанын көрдім. Сол кезде алданғанымды түсіндім. Енді алаяқтардың мұндай әрекеттеріне тосқауыл қойылады. Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесін жинауға тыйым салынбақ. Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшіп келушілердің құжат көшірмелерін сұрау енгізіледі. Сонымен қатар, алаяқтық әрекеттен қорғау үшін адамдарға электронды үкіметтің веб-порталы арқылы банктық қарыздар мен микро кредиттер алудан ерікті түрде бас тарту құқығы беріледі. Заң жобасы қабылданса, ешкім құжаттың көшірмесін талап етпейді. Сақтық үшін ешкімге жеке куәлігіңізді бермеңіз. Бармақ тістеп қалмас үшін барынша мұқият болған абзал.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Шахтер» құрамына қазақстандық белгілі футболшылар қосылды
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Жамбыл облысында жат ағым жетегінде кеткен 11 радикал ұсталды
Алматы әкімі автобус жүргізушісіне не үшін алғыс айтты?
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Түркістан облысының 1 млн тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі
«Бекболат Тілеухан талақ айтты, менсінбеді»: журналист Мұхамеджан Тазабекті сынға алды
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертеді
"Ұшақта адам құтқарамын деп ойламаппын". Студент жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды
«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Елімізде студент жастарға мемлекеттік қолдау артады