«Астана» телеарнасының көрермендері үшін жағымды жаңалық. Жуырда көпшіліктің көзайымына айналған ауылдың қара келіні «Күлпәш» көрерменге жаңа серияларымен жол тартады. Телеарна тапсырысымен түсіріліп жатқан фильмнің жаңа маусымы - «Зу-зу Күлпәш» деп аталады. Басты рөлде - танымал актер Берік Тұрсынбеков.Берік ТҰРСЫНБЕКОВ, АКТЕР:«Зу-зу» зуылдап қалған Күлпәш емес, ол жерде зу-зу өтіп жатқан өмір...Бұл маусымда ерекшелік өте көп. Біріншіден, енді алдыңғы маусымдардан сәл өзгешелік қылып жасауды дұрыс көрдік. 16 сериялы фильмді жергілікті шығармашылық топ жұмыс түсіріп жатыр. Фильмнің құпия сақтайтын тұсы да көп. Қиял-ғажайыпқа да ерік берілді. Қазіргі қоғамдаңы кемшіліктер мен артықшылықтар көрсетіледі, салт-дәстүр мейлінше бай қамтылған. Жас жеткіншектердің сүйікті кейіпкері Нәкөнайдың образы да түрленген. Берік ТҰРСЫНБЕКОВ, АКТЕР:Жүз естігеннен бір рет көрген артық қой. Сондықтан енді құпияның бәрін ашып қоймай мейлінше енді «Астана» арнасынан көрсетілім басталған кезде өздеріңіз тамашалап, бағасын бересіздер деген үміттеміз. Жас та кәрі де сүйіп тамашалайтын туынды Түркістан облысының таулы аумағында бір айға жуық уақыт түсірілді. 16 сериялы фильм алдағы күзде көрермен назарына ұсынылады.