Құлсары қаласының 600-ден астам тұрғыны баспанасын қалпына келтіруге қажетті өтемақыны алды

Құлсары қаласының 1164 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімге қол қойды, оның ішінде 606 тұрғын төлемді алды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша ТЖ жөніндегі жедел штаб.Үйлерді аралау барысында мобильдік топтар 1667 үйді бағалау және техникалық тексерудің қортындысын таныстырды.Сондай-ақ, келтірілген шығынды бағалау және бүлінген мүлікке техникалық сараптама жасау нәтижелерін түсіндірді.Бұл жұмыстарға 20 мобильді топ жұмылдырылған.Өтемақы алу туралы келісім-шартқа қол қойғандардың қатарында Жанаргүл Артығалиева да бар, оның үйі апатты жағдайда деп танылып, үйін толық бұзу ұсынылды."Екі комиссияның мамандары келіп, техникалық сараптама мен бағалау жүргізді. Содан кейін мобильдік топ бағалау қортындысымен таныстырды. Әкімдік ұсынған өтемақы көлемімен келісеміз, сондықтан, келісім жасадық", - дейді Жанаргүл Артығалиева.Зейнеткер Дабыл Ахметов бүлінген мүлкін бағалау нәтижесімен танысып, ақшалай өтемақы алуға әкімдікпен шартқа қол қойғанын айтады. "Су басқан үйімді әділ бағалағаны үшін Жылыой ауданының әкімдігіне ризашылығымды білдіремін. Енді біздің қаламызда мұндай су тасқыны болмайды деп сенемін", - дейді Дабыл Ахметов.Құлсары қаласы тұрғындарының су тасқыны салдарынан бүлінген мүлкін бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Мүлікті бағалауға жұмылдырылған мамандары тәулік бойы жұмыс істеуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бұл жолы мәңгіге". 43 жастағы Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен айырылысты
Бұршақ, жаңбыр, аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Англия Еуропа чемпионатындағы матчте Сербияны жалғыз голмен ұтты
Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай
Астанада жатақханадан өрт шықты
АШМ өкілдері Ақтөбедегі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шараларымен танысты
30 жыл бойы ауыз суды тасып ішеді. Қарағандылық тұрғындар дабыл қақты
Талдықорғандағы демалыс аумағында атыс болды
Жүктілік және босанғаннан кейінгі күтімде әйелдер қандай қателік жібереді? Кәсіби маманмен сұхбат
Бұршақ, жаңбыр, аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
"Офисіме соңғы рет келуі еді". Тамара Асар марқұм әкесіне жантебірентер жазба арнады
Жантүршігерлік жол апатынан сәби зардап шекті
Астанада жатақхана өртеніп, бір адам зардап шекті
"400 миллион теңге". Еліміздегі блогерлер қанша табыс тауып жүр
Өмірден кім өткенін білемісіз?
Көршісін зорлап келген 19 жастағы жігітке қатысты үкім шықты
Түркияда Құрбан айттың бірінші күні 16 мың адам жарақат алды
Үш облыста ауа температурасы 40 градустан жоғары болады
Нұралы Әліпке "ПСЖ" мен "Манчестер Сити" футбол клубтарынан ұсыныс түсті
Қазақстанға қонаққа келген шетелдік өлі табылды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі
Астана-Петропавл тасжолында жеңіл көлік өртеніп кетті