Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Құлсары қаласындағы қоғамдық жағдай туралы мәлімет ұсынды. 1. 600-ден астам тұрғын зардап шеккен мүлікті бағалау туралы қорытынды алды 2. Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 150 үйдің құрылысы басталды 3. Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді 4. 1000 үй апатты деп танылды 5. 105 тұрғын қаржылай өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойды 6. 1000-нан астам адам кеңес алды 7. № 20 мектепте ақшалай өтемақы алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 8. Мәдениет үйінде қаржылай өтемақы алуға келісімдерге қол қойылады.