Құлсарыда 200-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды

Құлсары қаласында тұрғын үйге өтемақы төлеу және бағалау жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін комиссия 1500-ге жуық үйді бағалау қорытындысын дайындады, деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі штабы.Қала бойынша 20 мобильді топ қарқынды жұмыс істеуде, мамандар әр үйді аралап, бүлінген мүліктің залалын анықтау және техникалық сараптама нәтижелерін түсіндіруде. Мобильді топтардың жұмысы күн сайын демалыссыз барлық жұмыс толық аяқталғанша жүргізіледі.Бүгінгі таңда Құлсары қаласының 209 тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіруге қаражат алды, оның ішінде 47 отбасы тұрғын үй салу немесе сатып алу және 162 адам жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін төлем алды.Құлсары қаласының тұрғыны Гүлбаршын Қоңырбаеваның айтуынша, қауіпті деп танылған оның үйі енді сүрілмек. Ол ақшалай өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойып, Құлсары қаласынан жаңа баспана алуды көздеп отыр.⁃ Үйіміз апатты деп танылып, ақшалай өтемақы алу үшін құжаттарды жинап беріңдер деді. 19 мамырда барлық құжаттарды тапсырып, банктен есепшот аштық. Қазірдің өзінде 21 мамырда қаражат аударылды. Біздің баспанаға әділ баға берген жергілікті атқарушы органдарға үлкен алғысымды білдіремін, - деді Г.Қоңырбаева.Тағы бір жергілікті тұрғын Мейрам Тілекбаевты бағалау парағында көрсетілген сомаға қанағат етіпті, қазір ақшалай өтемақы алу үшін құжат жинап жатыр.⁃ Менің үйім қауіпті деп танылды, ол да бұзылып жатыр. Жақында олар маған баллдық парақ әкелді. Келтірілген шығын көлеміне көңілім толады, қолдау көрсеткені үшін әкімдікке алғыс айтамын, — деді Мейрам Тілекбаев.Ал, Галина Қаражанова 20 мамыр күні әкімдікпен ақшалай өтемақы алу туралы келісімді ресімдеу үшін барлық құжаттарын жинаған. 21 мамырда оның шотына мүліктік залал үшін қаражат келіп түсті.Құлсары қаласы тұрғындарының бүлінген мүлкін бағалау жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда,- деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
«Орешник» зымыраны РС-26 «Рубеж» баллистикалық зымыранының негізінде жасалған
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді
Мұстафа ӨЗТҮРІК: «Батыр болам десең, елің мен жеріңді сүй»
Шымкент әкімдігі жаңа жылдық безендіруге 80 млн теңге жұмсамақ
Қазақстандықтарға жылу үшін төленген 700 миллион теңгеден аса ақша қайтарылады: 23 қараша 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда моншадағы өрт сөндірілді
Биткоин бағасы 100 000 долларға жақындады. Өсу жалғасуда
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді: 23 қараша 2024, 13:09 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шенеунік жетім балалардың құқығын бұзғаны үшін сот алдына келді
Лукашенко 2020 жылы интернетті өшіргенін мойындап, тағы қайталайтынын айтты
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Қазақстандағы алғашқы болат балқымасына 80 жыл толды
Алматы облысында монша өртенді
“Екеуіміз ғана қалдық“. СҚО-да 45 ауыл таратылады
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады