Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендер үшін 80 үйді салуға 2,6 млрд теңге бөлінген

Атырау облысының Құлсары қаласында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін 100 үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 80 үйді салуға 2,6 млрд теңге бөлінген. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйлер Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағын ауданында бой көтереді. Қазір іргетасын құю жүріп жатыр. Тұрғын үйдің қабырғасы ақ тастан қаланып, кірпішпен қапталады.«Құлсарыда құрылысы басталған жаңа үйлердің 80-і «Қазақстан халқына» қорынан бөлінген қаржыға салынады. Ал, 20 үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді», - деді Жасұлан Бисембиев. «Қазақстан халқына» қорының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, еліміздің 6 аймағында зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа үйлердің құрылысы жүріп жатыр. «Қазір 6 аймақтағы 21 елді мекенде 649 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 200, Батыс Қазақстанда – 114, Ақтөбеде – 80, Қостанайда – 88, Ақмола облысында 87 үй салынып жатыр. Бұл өңірлердегі құрылысы жүріп жатқан бір тұрғын үйдің орташа құны – 27,4 млн теңге. Ал, Атырау облысының Құлсары қаласында 80 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге 2 млрд 640 млн теңге бөлінді. Мұнда 1 үйді салуға жұмсалатын қаржы 31 млн 975 мың теңгені құрайды», - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.Типтік үлгідегі жаңа үйлердің әрқайсысының ауданы – 100 шаршы метр. Құлсарыда жаңа тұрғын үйлермен бірге 2 мың орындық Binom мектебін, 300 орындық балабақша нысанын салу жоспарланған. Сондай-ақ шағын аллеялар салынады.«Тұрғын үйлердің авторлық дизайнын «ETALON PROJECT GROUP» ЖШС дайындады. Бұл серіктестік дизайнның сақталуына бақылау жүргізеді. Ал, техникалық қадағалау «ZAF-Стройсервис» ЖШС-ға жүктеліп отыр», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен. Атырау облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Ернар Қадырбайдың айтуынша, тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 3 мердігер таңдалған. «Құлсарыдағы жаңа үйлерді салуға қажетті инертті және өзге де материалдар жергілікті жерден табылып отыр. «Қазақстан халқына» қорының талаптарына сәйкес, құрылысты жүргізетін мердігерлер де жергілікті мекемелерден таңдалды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жылыой ауданындағы төтенше жағдайға байланысты тұрғын үй құрылысына жұмыс күшін тарту бойынша лимит саны көбейтілді. Құрылыс жұмыстарын «Орлан», «Армандастар-Атырау» және «Казкомсервис» ЖШС жүргізуді қолға алды. Бұл компаниялардың әрқайсысына 50-ге жуық жұмысшы тартылып отыр. Тұрғын үйлердің құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады», - деді Ернар Қадырбай. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда тағы да атыс болды: полиция түсініктеме берді
Түлкібас ауданының әкімі тағайындалды
Алматы стадионының экс-басшысы Бауржан Жұмажанов: “Менің шындығым“
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды