Құлсарыда тасқынның беті қайтып, тұрғындар үйіне оралып жатыр

Құлсары қаласындағы қызыл судың қарқыны қайтты. Қазір қаладағы кейбір кәсіпкерлік нысандар ашылып, үйіне су кірмеген тұрғындар баспаналарына қайта бастады. Жем өзенінің деңгейі біршама төмен түскен. Әскерилер өңірдегі алты бөгетті жарып, су ағысын Каспий теңізіне қарай бағыттапты. Осының арқасында тасқын қаупі сейілген, - деп хабарлайды Massaget.kz.Жылыойлықтардың толассыз тасқынмен алысып жатқанына бүгін бесінші күн. Қазір қызыл судың қарқыны бәсеңдеген. Бірақ қалада үш мыңнан астам тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандар көлкіген су астында тұр. Дегенмен ауыл азаматтары қауіп сейілді дейді. Өйткені Ұлы Жем бойындағы бөгеттерді жарып, арнасын ашқан сайын, өзен деңгейі төмендей бастаған."Бірінші келген күні суды Жадырасынға жырдық. Қазақта мақал бар ғой, "суды сай-салаға жыр, далаға жібер" деп. Не болса да, қаланы алып қалу үшін суды ағызып жатыр.Қазір Каспий жағының барлығы жарылды. Бүгінгі күні су 70 см түсті. Енді халық дүрлігетін нәрсе жоқ. Енді тек қалпына келтіру керек", - дейді ауыл тұрғыны Амандық Иманбаев. Облыс аумағындағы өзен-суды қазір күн сайын көктен бақылайды. Тікұшақпен өзен бойындағы бөгеттерді анықтап, арнайы жарылғыш құралдармен судың жолын ашуда. Дегенмен әлі де Жем бойында су ағысына кедергі келтіріп тұрған бөгеттер бар. "Жалпы он бөгет анықталған. Бүгінгі таңда алтауы жарылды.Тағы төртеуін толық жарып бітіреміз. Осының негізінде Жемнің деңгейі түсіп келе жатыр. Ендігі мақсатымыз - Құлсары ішіндегі суды сыртқа шығару. Ол бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп жатыр", - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев. Жем бойындағы бөгеттер бұзылғалы тасқын су да саябырсып, қала ішіндегі дүрбелең де басылды. Үй-жайына су бармаған ықшамаудан тұрғындары қалаға кері қайтып, кәсіпкерлік нысандар да біртіндеп жұмысын бастап жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дани Ольмо «Барселона» сапынан кетті
«Қазақстан үшін қолайлы жыл болады»: Астрологтар биылғы жылға болжам жасады
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған 15 адам анықталды
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
"Тұман, көктайғақ, бұрқасын": тоғыз өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ақтөбеде 58 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алды
Анасына тосынсый жасамақ болған жігіт жол апатынан қаза тапты
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)