Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

Төтенше жағдай басталғалы тасқын судан зардап шеккен Жылыой ауданына 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл- Атырау қаласы арқылы тасымалданғаны ғана. Құлсары қаласына көмекті тікелей жеткізгендер де бар. Қазір Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратып жүр. Атырау облысында гуманитарлық штабтың ашылғанына бір жарым ай уақыт болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, көрші мемлекеттерден келген гуманитарлық көмектің басым бөлігі Жылыой ауданына жіберілген. Онда арнайы кесте бойынша 500-ге жуық отбасы барлық қажетті заттармен қамтылған. Азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттар бар. Әмина ЖӘРДЕМҚЫЗЫ, ВОЛОНТЕРЛЕР ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен, Дағыстаннан, Ресейдегі Қазақтар қауымдастығынан, одан бөлек бірқатар Астана, Алматы, Жетісу, Қызылорда сияқты облыстардан, одан бөлек, жергілік Атырау халқынан өте көп көмек жиналған болатын. Күні бүгінге дейін айтатын болсақ, 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Қазір Құлсары қаласының су басқан тұрғын үй және мүліктің залалын бағалау бойынша мобилді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыстық штабтың мәліметінше, күні бүгін 500-ГЕ ТАРТА тұрғын бағалау нәтижесін қолына алған. Гүлфайруз ӘБІРОВА, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қаншама күндеріміз оймен, қайғымен өтті. Құдайға шүкір бүгін бағалау қорытындысын алып, өзім үкіметіме ризамын. Саман тас үй болды. Сол бағама риза болып, үкіметіме рахметімді айтамын. Сайлау САРИЕВ, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Біз алдан күтіп отырсақ, ол арт жағымыздан келіп соқты. Сонымен суға кеттік, ештеме алған жоқпыз. Тек құжаттарды алдық болды.  Үйіміз сносқа кетеді, жарамсыз деді. 240тан беріп жатыр деді ғой. Солай берсе, квадрат метріне жақсы шығатын сияқты деген көңіліме. Жалпы Құлсары қаласы бойынша, үш мыңға жуық үйді су басқан еді. Бағалау қорытындысын алғандардың ішінде келіскендер де, шағымданғандар да бар. Олардың өтініші жеке-жеке қаралып жатыр. Нұрболат САРМАНОВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:3-4 күнде 800ден астам адам обращение жасады. Олардың көп бөлігі облыс әкімі айтқан бағалау құнына келісіп жатыр. Сносқа кеткен үйлерге 200-240 арасында көтермелеу ценасын енгізді. Соған қатысты көп азаматтарымыз өздернің ризашылықтарын , алдағы уақытта қорытындығы келген жағдайда келісетіндерін растады. Ол бойынша біздермен мемарандумға отырды. Құлсары қаласын тазалау, дизенфекциялау да басты назарда. 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қалдық шығарылған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Ақтаудағы ұшақ апаты: Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылды
Алматыда құрылыс нысандары тексеріледі
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды