Құлсарының 1100-ден астам тұрғыны баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды

Құлсарының 1 594 тұрғыны өтемақы алу туралы келісімшартқа қол қойып, 1165-іне баспанасын қалпына келтіру үшін төлем төленді. Оның ішінде 722 тұрғын баспана сатып алуға және 443 тұрғын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына төлем алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, мобильді топ мүшелері үйлерді аралау барысында 2 583 үйге бағалау және техникалық зерделеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырған. Құлсары қаласының тұрғыны Сегіз Бердіқұловқа мобильді топ мүшелері үйіне келіп, бағалау парағын берген. Ол сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қаржыға толық келіскенін айтты. Сарапшылардың мүлкіме жасаған бағалау қорытындысын алған соң дереу Жылыой ауданы әкімдігіне барып, маған төленетін өтемақыны ақшалай алғым келетінін айттым, - деді Сегіз Бердікұлов. Вахтовый ауылының тұрғыны Қожантай Дәуітовке де бағалау комиссиясының қорытындысы берілді. Ол су басқан мүлікке келтірілген залал сомасына толық келісетінін атап өтті. Мүлкімді әділ бағалаған мамандарға алғыс білдіремін. Бұл қаражатпен үйімді толық қалпына келтіремін деп ойлаймын, - деді Қожантай Дәуітов. Айта кетейік, бүгін техникалық зерделеу қорытындысын қайта қарау жұмыстары басталды. Нәтижелерді қайта қарауды мамандар тұрғындардың берген өтінішінде көрсетілген ескертулерді ескере отырып, жүзеге асырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Орта салмақтың королімін». Жәнібек Әлімханұлы желіде өз-өзін мақтап, жазба қалдырды
Қазақстандық Еуропада жылдың үздік ойыншысы атанды
«Пешке отынмен бірге тағы бір нәрсе салған»: Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғаны айтылды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады