Күмәнді бейнежазба: Облыс әкімі орынбасарының көмекшісіне конверт кімнен келді?

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісі мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасарына қатысты күмәнді бейнежазба тарады,-деп хабарлайды inbusiness.kz.  Ол ғимараттың кіреберісіндегі бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Мұнда басшы орынбасарының әкім көмекшісіне конверт берген сәті анық көрінеді. Одан кейін екеуі де сезіктеніп, камера орналасқан тұсқа қарайды. Белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:"29-ыншы желтоқсан күні "Ақтөбе" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басшысының орынбасары Руслан Әжниязов негізгі сыйақыдан бөлек, 10-15 қызметкерге 2-3 айлық жалақы көлемінде, жалпы сомасы 12 миллион теңге сыйақы бөлген. Бұл ақшаны Әжниязов серіктестерімен бірге қайта жинап алып, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеуов Ғалымжанға беріп жіберген", - деп жазды. Бұл жағдайға қатысты "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілі арнайы түсінік берді. Басшының басқа орынбасары Нарек Гегамянның айтуынша, әріптесі Руслан Әжниязов жұмыс орнында. Дегенмен, қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. "Бұл Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бірінші орынбасары Әжниязов Руслан. Екінші адам видеода көрсетілген ақпарат бойынша облыс әкімі орынбасарының көмекшісі. Айтылған жағдай бойынша тексеріледі. Бүкіл қызметкерлерден түсініктеме алынады. Басқа да жұмыстар жүргізіледі. Қосымша сіздерге хабарланады"- деді Гегамян. Алайда, Гегамян қызметкерлердің жалақысы мен жыл соңында алған сыйақылары жөнінде ештеңе демеді. Өзінің қанша жалақы алатынын да айтқан жоқ. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы даулы бейнежазбаға Ғалымжан Елеуовтың қатысы бар-жоғын білмейміз деп мәлімдеді. Бірақ, жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда күн суытады
Даниял Ахметовтің қызметін иеленген Ольга Рыпакова жоспарымен бөлісті
Семейде халықаралық скрипкашылар байқауы өтті
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Әділбек Мусин әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Алматыдағы №174 гимназиясының қосымша ғимарат құрылысы қашан аяқталады
Астаналық ер адам құлыпталмаған көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Нью-Йорктің бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуымен құттықтады
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Тоқаев Түркіменстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды