"Құмар ойындарға 100 млн теңгедей қаражат жұмсадым",- тұрғын

Еліміздегі әрбір бесінші жас құмар ойынның құрығына ілінген. Ол -шамамен 1 миллион адам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды. Мамандар да бір ауыздан қоғам дертіне айналған құмар ойындардың жарнамасын жүгендеу керектігін айтады. Түрін көрсетпеуді өтінген Рустам есімді азамат құмар ойындармен сонау 2000 - шы жылдары 17 жасында танысқан. Әуелі достарымен ойын автоматтары, кейін казиноға бара бастапты. Сөйтіп кішігірім қызығушылығы қалайша үлкен дертке айналғанын өзі де байқамай қалған. 20 жылда 100 млн теңгенің басына су құйыпты. "Көлік, үй, тіпті, марқұм анасынан қалған мүлікті де сатуға тура келді",- дейді. Рустам, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аударма Мен ессіз қадамдарға барып, өз-өзіме есеп беруден қалдым. Казиноға ақша үшін де емес, жәй ғана сол жердің атмосферасын ұнатып, азарт, эмоция үшін баратын болдым. Ойынқұмарлығым бірте-бірте алкоголизм мен нашақорлыққа ұласты. Осы уақытта отбасым да менен бас тартты. Туғандарым теріс айналып, жалғыз қалдым. Өздігімен бұл тұңғиықтан шыға алмайтынын түсінген соң Рустам оңалту орталығына жүгінеді. 8 ай бойы емделіп, психологтармен тығыз жұмыс істейді. "Ішкі конфликтерімді шешіп, өз қалауымды басқара алуды үйрендім",- дейді ол. Нәтижесінде жаман әдеттен арылды. Рустам, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аударма Бұл дертімнен арылған соң, өмірім түбегейлі өзгерді. Ұқсас жағдайға тап болған адамдарға айтарым, кейінге қалдырмай, бар күш-жігерді жинап, мамандардың көмегіне жүгінген жөн. Мәселеден қашпай, оны шешу жолдарын іздеген дұрыс. Сондай-ақ көшелер мен әлеуметтік желілер букмекерлік компаниялардың жарнамасына толы. Бұл да жастарды қызықтырып, елітіп тұрады. Осыған шектеу болса екен деймін. Мамандардың пікірінше, ойынқұмар адамдарды 4 айдан 10 айға дейінгі уақыт аралығында емдеп шығу әбден мүмкін. Сөздерінше, бұл дертке ересек кезінде шалдыққандардың жастайынан үйір адамдарға қарағанда жазылып кетуге деген мүмкіндігі көбірек. Алғашқы қадам - адамның өзіне өзі мәселесінің бар екенін ашық мойындауы. Асхат ЕРБОЛАТҰЛЫ, ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ПСИХОЛОГ: Ойынға құмарлық деген - ол не только адамның ойы, ол физиологический адамның ішіндегі миының структурасының өзгеруі. Егер адамның ішіндегі определенный программа болатын болса, ойынқұмарлық немесе басқа да жанағыдай зависимостьтары болса, біз оны басқа да пайдалы руслоға апарамыз. 1 жылдық ремиссия - ойынға жоламауы, ол уже емделінген болып есептелінеді. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мемлекет басшысы бұл мәселені назардан тыс қалдырмады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс. Барлық қаржы қозғалысын қадағалап, заңға қайшы әрекет анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау маңызды. Биыл 4 айда букмекерлік компаниялардың айналымына 100 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Депутаттардан құралған жұмыс тобы дәл осы ойын бизнесінің жарнамасын шектейтін заң жобасын әзірледі. Енді оны Мәжілістің қарауына шығармақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев энергетика саласы мамандарын марапаттады
Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты
Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді