«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылдың 2-4 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.Синоптиктердің болжамынша, Батыс антициклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы, ал солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 4 сәуірде күндіз республиканың батысында жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанып отыр. Атмосфералық бөліктердің өтуімен жаңбыр мен қар жауып, түнде солтүстікте және шығыста көктайғақ болуы ықтимал. Болжамға сәйкес, Қазақстанда түнде және таңертең тұман түсіп, елдің батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде екпінді жел соғады. Ауа температурасы күндіз батыста және оңтүстікте 15-22 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта 10-17 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 10-20 градусқа дейін, ал республиканың шығысында -0-13 градустан -2 +10 градусқа дейін ауытқиды. Бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2024 жылдың сәуір айына ауа райы болжамын жариялаған болатын. Синоптиктердің болжамынша, сәуір айында Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Сәуір айында жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан жоғары. Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанады. Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың әсерінен күн райының тұрақсыздығы басым болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшшейеді, кейбір күндері екпіні 23-28 м/с дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен) жетеді, республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады.