Күн сайын қант диабетіне шалдыққан 100-ге жуық адам есепке алынады

Осы дұрыс тамақтанбаудың кесірінен өзге де аурулар көбейген. Күн сайын қант диабетіне шалдыққан 100-ге жуық адам есепке алынады. Ал ел бойынша 500 мыңға жуық адам қауіпті кеселмен ауырады. Бұл мәселе тек дәрігерлерді емес, депутаттарды да алаңдатып отыр.Елімізде соңғы 15 жылда қант диабетімен ауыратындар саны 45 есе өскен. Ал 2030 жылға қарай 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Бұған -генетикалық факторлар мен күйзелістен бөлек, тағам пен сусындар құрамындағы қант мөлшерінің көптігі себеп. Елордалық Исмаил Әзілбаев та 12 жылдан бері осы аурудан қиналып келе жатқанын айтады. Исмаил ӘЗІЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Асқынып кетті, инсульт алып қалдым сахарный диабеттен. Қазір учетта тұрамын. Емделіп, дәрімді ішемін, инсулин салып отырамын. Әке-шешем де жоқ, балаларым да таза тексерілді. Бірақ өзім осылай болып қалдым. Қазір 2-ші группа инвалидпін. Ем қабылдап тұрамын. Больницаға жатып тұрамын. Әр 6 ай сайын. Науқастар үшін емханаларда диабет мектептері жұмыс істейді. Онда дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі. Балалар арасында аурудың көбеюі дәрігерлерді алаңдатып отыр. Айдана ФАЙЗУЛЛА, ДӘРІГЕР-ЭНДОКРИНОЛОГ: Семіздікке байланысты жүре келе пайда болатын 2-ші типі балалар арасында жиі кездеседі. Яғни, ол көбінесе дұрыс емес тамақтануға байланысты, әсіресе жасөспірімдерде қимыл-қозғалыстың болмағандығының әсерінен, сонымен қатар, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды қолдануларынан, яғни, тәттілер, күнделікті дүкен сөрелеріндегі тәттілерді қабылдау әсерінен, сонымен қатар физический нагрузканың болмауының әсерінен көбінесе осы 2-ші типті қант диабетіне шалдығу көп. Депутат Ирина Смирнова қант диабетімен күресудің тиімді шараларының болмауынан науқас көбейіп барады дейді. Жұрт қанты көп тағамдарды жиі тұтынады. Сондықтан құрамында қанты бар сусындарды өндірушілерге салық салу қажет дейді. Ирина СМИРНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:Олар да жауапкершілікті сезуні тиіс. Өйткені дәрігерлер: «қант диабетінің бірден-бір себебі, осы тауарды тұтынғаннан», – деп отыр. Егер 10% ғана салық салынса, яғни ол шамамен 20 теңге болса, онда қант диабетінің алдын алу мен оны емдеу үшін мемлекетке қажетті сома түсер еді. Сол ақшаны науқастарға бағыттау қажет. Құрамында қанты бар өнімдерге салық енгізу туралы шешімді әлемнің 65 елі қабылдап, жүзеге асырған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды
Елордада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін