Астанада өңірлік жәрмеңкелер маусымы аяқталды, деп хабарлайды Kazinform әкімдікке сілтеме жасап.Алдағы демалыс күндері, 4 және 5 қарашада жоспарланған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өңірлік жәрмеңкесі тоқтатылады. Екі облыстың аграршылары ауа райының нашарлауына байланысты елордаға келмейді. Айта кетейік, биыл жәрмеңке 2 қыркүйектен басталды. Оған 15 өңірден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Олар Астанаға 10 мың тоннадан астам өнім жеткізді.