Күнде энергетикалық сусын ішкен

Алматыда 17 жастағы жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, ол жарты жылдан астам уақыт энергетикалық сусындар ішіп, фастфудпен тамақтанған.Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына «гемофилия В» диагнозымен түскен. Бұрын жасөспірімге қанның ұюының IX факторының төмен деңгейі диагнозы қойылғаны анықталды. Тексеру кезінде жасөспірімнен жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды. Жасөспірім жүре алмағандықтан, оны арбамен әкелген. «Алматы қаласы бойынша тәжірибелі дәрігер – бас балалар гематологы, №2 балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева жігіттің IX фактор көрсеткіші гемофилияның орташа ауыр түріне сәйкес келетінін ескертті. Бірақ 17 жыл ішінде гемофилияның белгілері ертерек пайда болар еді. Сонымен қатар VII фактордың төмендеуі байқалған. Жасөспірімде коагулограмма бойынша гемофилияға сәйкес келмейтін механизмнің ішкі және сыртқы бұзылулары бар», - деп хабарлады ведомстводан. Жасөспірімнің ауру анамнезімен танысқаннан кейін дәрігер үш жыл бұрын оған ота жасалғанын білді. Бірақ операция барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету болмаған. «Сөйлесу кезінде жасөспірім энергетикалық сусындарды күнделікті ішкенін білдік. Ол алты ай бойы энергетикалық сусын ішіп, фаст-фудпен тамақтанған. Салдарынан бауыр жұмысы нашарлаған. Біз балаға диагноз қойдық: Бауыр қызметінің бұзылуы. Бауырдағы коагуляция факторлары синтезінің бұзылуы. Яғни, протромбиндік кешенді факторлардың жүре пайда болған тапшылығы. Гемофилия диагнозы расталмады. К витаминін енгізу және оны толықтыру арқылы емдеу жүргізілді»,- деді Ұлжалғас Айтжанова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді