Күнделік жүйесіндегі 2 млн-нан астам оқушының дербес деректері қаншалықты құпия сақталып отыр

Kundelik.kz электронды журналын қазақстандық 2,2 млн оқушы белсенді пайдаланады. Миллиондаған азаматтың дербес деректері орналасқан ауқымды қор жекеменшік компанияның басқаруында. Бұл компания қай елдікі? Ата-аналар мен оқушылардың жеке мәліметтері құпия сақталатынына қандай кепілдік бар? KAZ.NUR.KZ тілшісінің сауалына Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық дамыту басқармасы өкілдері жауап берді. Оқу-ағарту министрлігі Цифрлық дамыту басқармасы сарапшысы Ердәулет Әліпбаевтың сөзінше, "Күнделік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуге авторлық құқық ел аумағында тіркелген қазақстандық "Күнделік" ЖШС компаниясына тиесілі. Бірақ компанияның мажоритарлық пакетінің 55 пайызы қазақстандық инвесторларға, 45 пайызы ресейлік серіктестерге тиесілі. Бұл мәлімет "Күнделік" жүйесінің сайтында көрсетілген. Қазіргі уақытта Kundelik.kz-те 325 мың мұғалім, 2,2 млн оқушы, 1,6 млн ата-ана белсенді жұмыс істейді. Ведомство мен жүйе арасында әріптестік шарт бар. "Оқу-ағарту министрлігі мен "Күнделік (kundelik.kz)" ЖШС арасында жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында тіркелген балалар мен ата-аналардың жеке мәліметтерін сақтау, үшінші тұлғаға бермеу туралы тармақ қарастырылған", - делінген жауапта. Министрлік өкілі шарттың нақты қандай тармағы екенін нақтылап айтпаған. Сонымен бірге биыл Күнделікке қойылған әр 10 балл үшін банк жоғары сынып оқушыларына бонус беретіні туралы белгілі болды. Осы орайда желіде 2 млн оқушы мен олардың ата-анасы тіркелген Күнделік kz пен банк "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңды бұзып отырған жоқ па?" деген сұрақ туындады. Бұған қатысты Оқу-ағарту министрлігі жауап берді. "Күнделік (kundelik.kz)" ЖШС мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ бірлескен жобада "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заң сақталады. Банк картасын ресімдеу кезінде ата-ана өз деректерін және баланың деректерін банктің ресми бетіне енгізеді, бұл ретте ол деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қояды. Балаға бонустар есептеу үшін ата-ана үлгерім туралы ақпарат алуға келісімге қол қояды. Бұл ретте, "Күнделік" ААЖ банкке ешқандай дербес деректерді ұсынбайды", - делінген жауапта. Осы орайда мұғалімдер "Күнделікке 10 балл қоймағаны үшін ата-аналардан сөз еститіндерін" жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда жалған жоғары баға қойылып кету қаупі жоғары екені белгілі. Министрлік өкілдері бұған да қатысты пікір білдірді. Жауапта көрсетілгендей, "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтың 20-тармағына сәйкес формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагогтер дербес дайындайды.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"