Күндіз көліктің жарығын жақпаған жүргізушілерге енді айыппұл салынбайды

Енді күндіз көлігінің жарық шамын қоспаған жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Бұл талапты сақтау – міндетті емес, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Дыбыс сигналын пайдалану қағидаларын бұзғандар да жауапқа тартылмайды. Тек ескертумен шектеледі, делінген 31 арна таратқан мәліметте. Қазір Мәжіліс депутаттары «Жол жүрісі туралы» заңды қарап жатыр. Соның аясында құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілмек. Соның бірі осы қала аумағында көліктің жарық шамдарын жағып жүруге қатысты болып отыр. Бұрын бұл ережені сақтамағандар 3 айлық есептік көрсеткіш демек, 11 076 теңге көлемінде айыппұл арқалайтын. Бұдан былай тек ескерту беріледі. Ал трассаға қатысты бұрынғы талаптар өз күшінде қалады. Депутат Сергей Пономарев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында денсаулыққа зиян келмеген жол көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айырылмайтынын айтты. Айтуынша, автотұрақ ақысын төлемегендер де жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар, заңға сәйкес, рұқсат етілген жылдамдықты 60 шақырымнан асырған көлік жүргізушілеріне жаза қатаңдатылғалы отыр. Оларға 40 айлық есептік көрсеткіш, демек 147 680 теңге мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты
Қазақстандық жас ғалымдардың I Конгресі өтті
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді: 24 қараша 2024, 09:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Жамбыл облысында өрттен әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
Қазақстанда сотталғандар қандай жұмыстар істейді?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды
Психологиялық тест: суреттен бірінші нені байқадыңыз?
Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Жамбылдық өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату шартын рәсімдеу қанша тұрады?
Тұман, жел, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады