Күніне 10 мәрте кекірген қыздан қатерлі ісік анықталды

Кейде адамдардың түшкіру, кекіру секілді күнделікті әдеті аяғы өлімге апаратын аурудың алды болуы мүмкін. Мәселен, флоридалық азаматша 25 жастағы Бэйли Макбрин 2021 жылы жиі кекіргенінің арты үшінші сатыдағы тоқ ішек қатерлі ісігінің алғашқы белгісі болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. Бэйли үшін бұл жаңалық ашық аспан астында күн күркіреді дегенмен бірдей болатын. Себебі ол өз денсаулығына ешқашан шағымданбаған. Аурудың белгісі көрініс бере бастаған сәтте ол күйеуімен бірге саяхаттап жүрген болатын. Ол кенеттен 5-10 мәрте кекіре бастады. Ал Бэйли болса "кекіру табиғи нәрсе" деп денсаулығында ақау бар екенін ойламаған еді. Өйткені ол мүлде уайымдамайтын жан болған. Дәрігерлер бұлда арты жаман аурудың алғашқы белгілерін аңғармауға себеп болған. Уақыт өте келе, 2023 жылдың қаңтарына қарай бәрі қалпына келген сияқты еді. Алайда алғашында тек кекіруден басталған аурудың арты құсу, жүрек айну тіпті іш қатуына дейін алып келді. "Бір аптадан кейін менің белгілерім тез өсе бастады. Менде іштің ауыруы, құрысулар мен жүрек айнуы болды. Мен мүлде тамақ іше алмадым", - дейді ол.Бэйли мамандығы бойынша дәрігер болатын. Сондықтан ол өзіне ас ішектің бітелуі деп диагноз қойып, өзін-өзі емдеуге тырысты. Бірақ оның жағдайы одан сайын нашарлап, анасы оған ауруханаға баруға кеңес берді. Емханада дәрігерлер Бэйлиге компьютерлік томография жасап, биопсия қызда үшінші сатыдағы тоқ ішек қатерлі ісігі бар екенін көрсетті. "Мен бұл сөздерді естігенде басымнан қан ағып, бүкіл денем қатып қалғандай болды. Мен диагнозды алғаш естігенде сене алмадым", - дейді америкалық азаматша. Ол салауатты өмір салтын ұстана жүріп мұндай аурумен бетпе-бет келемін деп ойламады. Нәтижесінде тоқ ішектің бір бөлігін және бірнеше лимфа түйіндерін алып тастап, 12 апталық химиотерапиядан өтуге мәжбүр болды. Қазір хирургиялық сараптамалардың нәтижесін күтуде.Онколог Бэйлиге кекіру - қатерлі ісіктің жиі кездесетін симптомы екенін айтты. Сондай-ақ адамдар бұрын жиі кекіру болмаған жағдайда оны дер кезінде тазалауға дағдыланған. Химиотерапиядан кейін ол өз-өзіне келе алмады. Себебі аты жаман аурудың қайтып келмейтініне күмәнмен қарайды.  Алайда, ол өзінің ұзату тойын жасау үшін бар күш-жігерін жинап, қараша айына дейін емделуге тырысып жатыр. Бэйли өз өмірін өзгерту үшін аурумен күресуге дайын. Ауыр диагноз оған денсаулығына байланысты белгілерді ескеруді үйретті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көктайғақ орнап, боран соғады: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
ІІМ: Ақтау және Алматы қалаларында есірткіні сату арналары жойылды
«Жетісу» футбол клубының бас директоры тағайындалды
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Мүфтияттың Ғұламалар кеңесі квадроберлерге қатысты үкім шығарды
«Алматы - Өскемен» автожолында 18 көлік соғылып қалды
Депутаттар ішкі істер министріне көлікті 5 минут қыздыру қисынсыз екенін айтты
ҚБТУ-дағы өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлер марапатталды
Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездесті
Кибербуллингтің шариғи үкімі қандай?
Қазақстанда пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Алматы көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін кедергісіз кітапханалар жасауда
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 автономды кітапхана орнатылды
Жетісу облысында 2 ірі есірткі зертханасы әшкере болды
Атырау облысында балық шабақтары қырылып жатыр
Сыра ішкен: Қостанайда автобус жүргізушіcі қоғамдық көлікті мас күйінде айдаған
Биылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды
Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді
Ақтөбе тұрғынынан құны 12 млн теңге болатын марихуана тәркіленді
«Баға қайда кетіп барасың?» деп жыламсырайтын жағдайға да жеттік – депутат
Бублик пен Шевченко Australian Open турнирін сәтсіз аяқтады
Көршілері ұстап берген: Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азаматқа айыппұл салынды