«Күніне 20 рет талып қалады»: Алматыда дәрігерлер 30 жылдан бері эпилепсиямен ауыратын адамға ота жасады

Орталық қалалық клиникалық ауруханада 30 жылдан бері эпилепсиямен ауыратын 47 жастағы ер адамға бірегей ота жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Операцияны ОҚКА нейрохирургі мен №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері жасаған. ОҚКА нейрохирургі Марат Алматовтың айтуынша, МРТ мен ЭЭГ нәтижесінде мида ауру ошағы жоқтығы анықталды. Осылайшы консилиум арқылы кезбе жүйкеге стимулятор орнату туралы шешім қабылданды. «Кезбе жүйкеге орнатылған стимулятор эпилептикалық ұстама санын қысқартады және негізгі терапиялық еммен бірге ұстама жиілігін азайтып, ремиссияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Спиральді қосатын генератор терінің астына орнатылады. Ол электродтар мен вагус арқылы өтіп миға белгі береді. Дәрігер стимуляция интервалы мен оның ұзақтығын арнайы құрылғы арқылы реттеп отырады. Қондырғының жұмысы ота жасау барысында сыналады. Науқас ауруханада болған 4 күнде ұстамасы байқалған жоқ. Қайталанған күннің өзінде енді оның саны едәуір азаюы тиіс. Бірақ эпилептикалық дәрілерді үзбей қабылдауы қажет», - деді ол. Туыстарының сөзінше, пациент эпилепсияға жасөспірім шағында шалдыққан. Соңғы кезде күніне 20 шақты рет ұстамасы ұстайтын болған. Талма ауруына шалдыққан жігітке дәрі көмектеспей қойған. «Бұл операция науқастың қалыпты өмір сүруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, оны бақытсыз жағдайлардан да сақтап қалады деуге болады. Өйткені эпелиптикалық ұстама кез-келген уақытта, аяқ-асты пайда болады, адам абайсызда ауыр жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Отадан кейін пациент эпилептологқа қаралады, маман аппаратты бейімдеп отырады», - деді нейрохирург Азамат Жайылғанов. Эпилепсияны емдеудің бұл түрі өте қымбат манипуляциялар қатарына жатады. Шетелдік клиникаларда құны 50 мың доллардан басталатын емдеу тәсіліне Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында қол жеткізіп отыр. Операция дәрілік препараттар көмегімен жүргізілетін ем-дом түрімен бірдей нәтиже береді. Бірақ мұнда дәрі ішкеннен кейін қалыптасатын кері әсерлер болмайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылады
Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін ер адам суицид жасамақ болды
Australian Open: Елена Рыбакина америкалық теннисшіні ойсырата жеңді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
Биыл Қызылордада кірпіш зауыты, ЖЭО және түйе сүті ұнтағын өндіретін зауыт іске қосылады
Қазақстандық велошабандоздың қанша уақытқа спорттан шеттетілетіні белгілі болды
Ақтауда полиция бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады
Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды