Жетісу кеден бекетінде салмағы 356 келі 55 мыңдай заңсыз дәрі-дәрмек тәркіленді. Кедендік сараптама нәтижесінде Үндістаннан әкелінген тауар «дәрілік зат» екені және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Жүргізілген есептеулерге сәйкес, тауарлардың кедендік құны 43 жарым миллион, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы - 5,2 миллион теңге.Айжан БЕКЕЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде ҚР ҚК-нің 234-бабында көзделген «экономикалық контрабанда» бұзушылық белгілері байқалады, осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша ЭТД-не жіберілді. С. Оралбеков