"Құны 50 млн теңге": Астанада 10 тонна насыбай өртелді

Астанада рейдтер барысында аудандық әкімдіктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тағы 10 тонна насыбай тәркіледі. Оның құны 50 миллион теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Астана әкімдігінің хабарлауынша, "Жастар рухы" ЖК белсенділері насыбайды жою жөніндегі акцияны өткізу барысында "Таза Қазақстан" туы желбіреді. Осылайша жастар экоакцияны қолдап, тыйым салынған заттардың зиянды әсерін атап өтті. Еске салайық, 18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер өтіп жатыр.Полицейлер сауда нүктелерін тексереді және 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Анықталған өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді. "Біз өз қаламызды жаман әдеттерден арылтамыз. Жастарды және еліміздің басқа өңірлерін жаман әдеттердің орнына спортпен және басқа да пайдалы істермен айналысуға шақырамыз. Бұл ауқымды акция, ол бойынша жұмыс тұрақты негізде жүріп жатыр", - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты
Экс-министр Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Балдыркөк әйел ағзасына қалай әсер етеді?
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысын онлайн көруге болады
8 мыңнан аса алматылық банкроттыққа өтінім берген
Шымкент әкімінің экс-орынбасары сотталды
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Талдықорғанда алғаш рет қазақ күресінен «Мектеп барысы» жобасы ұйымдастырылды
«Ұлы дала жорығы» марафоны бірінші кезеңінің жеңімпазы анықталды
ІТ мамандардың арасында өткен киберқауіпсіздік бойынша жарыс мәресіне жетті
«Өшір ананы»: мазар топырағына саусағын тығып, сүре оқып жатқандардың видеосы тарады
Алматыда тағы жер сілкінді
"Секс құлдыққа...". UFC-дегі қазақстандық бұрымды қорқынышты мәлімдеме жасады
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов сотталды
Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысын онлайн қайдан көруге болады?
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Елге Эверестке шыққан альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Анар Бурашева оралды
Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіт өлі табылды
Ішкі істер министрлігі үндеу жасады
ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады
Бішкектегі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер әскери ұшақпен эвакуацияланды
Алматыда тағы да жер сілкінді