Жақында аяғының ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмаханнан көпшілік гендер-пати өткізуді сұрауда. Әнші баланың жынысын жария етуге жұбайы Раимның қарсы екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтты."Гендер-пати қашан?", - деп сұрады әншінің оқырманы.Ал Ерке Есмахан гендер-пати өткізуді жұбайының құптамай отырғанын жеткізді."Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлде де айтып көремін. Бірақ, болмайды-ау сол", - деп жауап берген Ерке Есмахан.