Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Надежда Рябец карьерасын аяқтады. Ол бұл шешімін әлеуметтік желіде жария етті, деп хабарлайды BasSport.kz.Карьерамды аяқтады. Иә, спорттағы миссиямды тоқтаттым. Өйткені өмірімнің ең бір ғажап кезеңін бос өткізгім келмейді. Қазір жақындарымның қасында болғым келеді. 2023 жылы шешуші кезең болды. Маған спорттан қол үзу өте ауыр. Бірақ бұл шешімге келуге құраманың ішіндегі жағдайы әсер етті. Құрамада бардак болып жатыр. Ішкі жүйені сындыру оңай емес, - дейді Надежда Рябец. Ол бокс федерациясындағы басшыларды кінәлаған. 8 жылдық карьерасындағы талай құқайды көргенін айтады. Осы жылдар ішінде бір боксшыны құрамадан қуды. Біреуі азаматтығын ауыстырды. Мен тып-тыныш кеткім келді. Өз өзін құрметейтін бірде-бір спортшы мынандай сорақылықтан кейін карьерасын жалғыстырмайды. Менің қазіргі жағдайым керемет. Өз ісімді дамытып жатырмын. Ал арманға келсек, арманды тас-талқан етті. Бәлкім, спортқа қайтып оралармын. Ол үшін құрамада тәртіп орнап жатса, - дейді спортшы. Айта кетейік, 23 жастағы Надежда Рябец ерсектер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль алған (2023 жылы). Сонымен қатар 2018 жылы жасөспірімдер Олимпиадасында үшінші орынға ие болған. Ал 2015 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған.